Статистика блога
195
Записей
4419
Обращений
175223
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Подучетник» Мемлекеттік алдын алу іс – шарасы

2018 жылдың 12 қарашасынан 2018 жылдың 23 қарашасы аралығында Әулиекөл ауданы аумағында «Подучетник» мемлекеттік алдын алу іс – шарасы өтіп жатыр. Бұл іс – шараның басты мақсаты құқық бұзушылықтарды алдын алу және қайта қылмыс жасуды болдырмау, сонымен қатар Әулиекөл аудандық пробация қызметі есебінде тұрған, бақылау және қадағалаудан жалтарып жүрген және іздеуде жүрген сотталғандарды табу іс шаралары болып табылады. Іс шараны өткізу барысында Әулиекөл аудандық пробация қызметімен бірлесіп Әулиекөл аудандық ІІБ криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, сотталғандарды тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша тесеріліп, олармен және сотталғандардың туысымен құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы әңгімелер жүргізілуде. Мұндай іс – шара сотталғандардың тұрмыста тәртіпті болуға оң әсерін тигізеді, жаңа қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмауды ескертеді.

Сонымен қатар Әулиекөл аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар ҚР ІІМ «Web-интерфейс», ҚР БП ҚСжАЕАК «Ақпараттық сервис», ҚР ҰҚК «Бүркіт – мемлекеттік органдардың клиенті» деректер базаларынан тексеріледі.

Әулиекөл аудандық

пробация қызметі бөлімінің инспекторы

әділет аға лейтенанты

Кожемратова Л.К.

Отправить письмом