Статистика блога
195
Записей
4607
Обращений
179153
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Армандар орындалады» атты қайырымдылық концерті

«Харекет» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қорының бастамасымен Әулиекөл Мәдениет үйінде 27-ші ақпан күні «Армандар орындалады» атты қайырымдылық концерті өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: баспанасыз қалған көп балалы, асыраушысынан айырылған жалғыз басты ата-ана, жетім, отбасы жағдайы төмен жандарға қоғамдық жұртты назарын тарту.

Игі шарада Қостанай облысы бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының жетекшісі Иманғалиева Әсия Исламқызы сөз сөйледі. «Харекет» қайырымдылық қоры» акциясына белсене атсалысқаны үшін барлық мемілекеттік басшыларға және ұжымдарға алғыс хат табыстады. Әулиекөл тұрғындары мен қонақтары үшін концертте көрініс көрсетіліп, музыкалық шығармалары орындалды. Концерттік бағдарлама слайд-презентациямен жалғасты, онда осы күнге арналған барлық іс-шаралар көрсетілді. Концертке келген көрермендердің көңіл шат болып, жақсы әсермен тарқасты. Баршамызда жақсылық жасауға асығайық, армандайық, себебі әр адамның арманы орындалады емес пе!


Отправить письмом