Блог статистикасы
195
Жазбалар
4812
Өтініштер
187797
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауылында Наурыз – мейрамын тойлату бойынша ақпарат

21 наурызда Әулиекөл ауылының орталық аланыңда Наурыз – мейрамы атап өтілді, оған Әулиекөл ауылының тұрғындары мен қонақтары қатысты. Орталық алаң мен сахна мерекенің идеологиялық мазмұнын ескере отырып безендірілген, ауылдық ұйымдардың ғимараттары мерекелік ұзартумен безендірілген. Салтанатты концерт өтті. Жеке кәсіпкерлер мереке саудасын ұйымдастырды. Тегін ас – шайлар столдарын (бауырсақ, шәй, Наурыз – көже) ұйымдастыруға белсенді қатысқан ауылдың жеке кәсіпкерлері. Ауылдың мекемелері мен ұйымдары алаңға 7 киіз тікті, оған ҰОС, тыл ардагерлері, көп балалы аналар, ақсақалдар, ауылдың құрметті азаматтары мен қонақтары қатысты. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерде дәмді тағамдармен үстелдер орналастырылды, әрқайсысы ұлттық тағамдардан дәм тата алды, қазақ халқының өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі безендірілді. Спорттық іс-шаралар өткізілді: арқан тарту, гирь, қой көтеру, асық ату, 2 алтыбақан орнатылды. Әулиекөл ауылының тұрғындары осы іс – шараның өткізілуіне белсенді ат салысты. Әулиекөл ауылының әкімі аппараты Наурыз – мейрамы мерекесіне белсенді қатысқан барлық мемлекеттік мекемелерге, ауылдық кәсіпорындарға және ауылдың жеке кәсіпкерлеріне алғысын білдіреді.


хат жіберу