Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

2017 жылғы 30 қарашада Құсмұрын кентінің Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған концерт өткізілді. Мерекелік концерт Құсмұрын кентінің әкімі Ә.Абжанов және кәсіпорын басшыларының құттықтау сөздерімен басталды. Өз сөздерінде олар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің басшылығымен еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтты.

66/97 әскери бөлімінің қысқа мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздар жеткен жетістіктері үшін салтанатты түрде кент әкімінің мақтау қағазымен марапатталды. Мерекелік концертке 3-ші жеке атқыштар ротасының сарбаздары қатысты. Көрермендерді талантты балалардың қатысуы өте қуантты.

Мәдениет үйінің фойесінде ауылдық кітапхана Тұңғыш Президент күніне арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар шахматтан жарыс өткізілді. Концерттік бағдарламаға мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Бағдарлама қызықты және қуанышты жағдайда өтті.


хат жіберу