Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Москалев ауылдық округінде Наурыз мейрамын мерекелеу жөніндегі ақпарат

2018 жылғы 22 наурызда Москалев ауылында «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді. Ауыл тұрғындарына мерекелік лебізін Москалев ауылдық округінің әкімі – Абдильдин Бегзат Коккинакиұлы білдірді.

«Қош келдің Наурызым» атты мерекелік концерт «Бұлақ» мәдениет үйінің көркем өнерпаздарының күшімен ұйымдастырылды. Спорт шаралары өтті: Гір көтеру, арқан тарту, бөрене үстінде қаппен күресу. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табыс етілді. Лотерея ойыны ұйымдастырып, өткізілді. Халыққа «Наурыз көже» табыс етілді және мерекелік сауда ұйымдастырылды.

Демеушілік көмек көрсеткен: «Москалевское» ЖШС сомасы – 55 мың теңге, соның ішінде сыйлыққа – 50 мың теңге, жеке кәсіпкерлер 12 мың теңге.

2018 жылғы 21 наурызда Жалтыркөл ауылында «Наурыз мейрамы» мерекесі тойланды. Ауыл тұрғындарына мерекелік лебізін Москалев ауылдық округінің әкімі – Абдильдин Бегзат Коккинакиұлы және ауылдың құрметті ақсақалы Ахметшин Монтай білдірді.

Көркем өнерпаздардың күшімен концерт ұйымдастырылды. Спорт шаралары өтті: Гір көтеру, арқан тарту, бөрене үстінде қаппен күресу. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табыс етілді.

Демеушілік көмек көрсеткен: «Москалевское» ЖШС сомасы – 20 мың теңге. Ауыл тұрғындарына мерекелік ас берілді.

Халыққа «Наурыз көже» табыс етілді және мерекелік сауда ұйымдастырылды.


Москалев ауылдық округінің әкімі Б. Абдильдин

хат жіберу