Блог статистикасы
195
Жазбалар
4802
Өтініштер
187177
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазанбасы ауылдық округінде Жаңа жылды мерекелеу

2017 жылдың 26-29 желтоқсан аралығында Қазанбасы ауылдық округінің мектептерінде жаңа жылдық ертеңгіліктер және мерекелік             іс-шаралар өткізілді. Мерекеде карнавалдық костюмдар киілді, мерекелік дастархан тәтті тағамдарға толы болды. Октябрь ауылында 31 желтоқсан күні сағат 20.00 ден 23.00 дейін мерекелік іс-шаралар өткізілді, конкурстар, лотереялар ойналды. Қазанбасы ауылының тұрғындары 31 желтоқсан күні Привокзальная көшесінде Жаңа жылды мерекеледі, ыстық шәй мен бауырсақтан, кәуәптан дәм татқызды. Конкурстар өткізілді, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен шырша кеші өткізілді. Бағаналы ауылында Жаңа жылды ауылдық клубта өткізді, ән айтылып, би билеп шырша көркін қыздырды. Дәңгірбай ауылында «Дюсембина Г.Б.» шаруа қожалығының басшысы Жакашев А.Б. балаларға жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етті. Қарақалпақ ауылында 31 желтоқсан күні Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен жаңа жылдық маскарад өткізді, өнерлерін ортаға салып Аяз атаның базарлығын алды.


хат жіберу