Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазанбасы ауылдық округінде «Тұнғыш Президент күнін» мерекелеу

Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның авторы, әрі негізін қалаушысы, қазақстандық экономикалық жетістіктердің сәулетшісі, көптеген халықаралық маңызы бар бастамалардың бастамашысы және де шетелдік мемлекет басшыларының пікірінше қазіргі заманның көрнекті саясаткері.

2017 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсан күндерінде Қазанбасы ауылдық округінің ауылдарында Қазақстан Республикасының «Тұнғыш Президент күні» мерекесіне  арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Ауылдық округтің барлық ұйымдары мен мекемелері, мектептердің ұжымдары мерекелік бағдарламаға белсенді қатысты. Мерекеге Әулиекөл ауданының құрметті азаматы Ибрашев Сабыржан Әлімбайұлы, Қазанбасы ауылдық округінің ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жетпісбаев Сәрсенбай, ауыл ақсақалдары, ауылшаруашылық құрылымдардың басшылары, ауылдық округтің тұрғындары шақырылды. Қазанбасы ауылдық округінің әкімі Әбдібеков Тұрғынбек Файзоллаұлы жерлестерін мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, мол бақыт тіледі. Ибрашев Сабыржан Әлімбайұлымен Жетпісбаев Сәрсенбай ақсақал баршаға құттықтау лебіздерін жеткізіп  амандық тіледі.

Октябрь мен Қазанбасы ауылдарында мерекелік іс-шаралар   мектептердің акт залдарында өткізілді. Қарақалпақ пен Бағаналы тұрғындары ауылдық клубтарында мерекелік концертті тамашалады. Дәңгірбай ауылында 30 қарашада Қазанбасы орманшаруашылығының кеңсесінде салтанатты жиналыс өткізілді. Мектептерде «Қазақстан Республикасының азаматы» Президенттік сабақтары, «Заманауи әлемде Назарбаевтың қызметі» сынып сағаттары, Ұлттық түрлері бойынша спорттық жарыстар өтті. Кітапханаларда «Елбасымен, еліммен мақтанамын» кітап көрмелері ұйымдастырылды. 

 

хат жіберу