Блог статистикасы
195
Жазбалар
4812
Өтініштер
187803
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазанбасы ауылдық округінде Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күнін» мерекелеу 

Егемендіктің елең-алаң шағында мемлекет тағдыры талқыға түскен ауыр кезеңде  ел тізгінін ұстаған Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан қуатты мемлекетке арналды. Бұрын ешкім білмейтін, білсе де көзге ілмейтін еліміз халықаралық қауымдастыққа беделі биік, абыройы асқақ айбынды ел атанды.

2017 жылдың 14 және 15 желтоқсан күндерінде Қазанбасы ауылдық округінің ауылдарында Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» мерекесіне  арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Ауылдық округтің барлық ұйымдары мен мекемелері мерекелік бағдарламаға белсенді қатысты. Мерекелік іс-шаралар Октябрь мен Қазанбасы ауылдарының мектептерінің акт залдарында өткізілді. Мерекеге ауыл ақсақалдары, ауылшаруашылық құрылымдардың басшылары, ауылдық округтің тұрғындары шақырылды. Қазанбасы ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Брахметова Маржанкүл Ерханқызы мерекеге қатысушыларды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, әр кезде сәттілік тіледі.                                                             

№1 Қазанбасы орта мектебі және №2 Қазанбасы орта мектебінің үздік оқушылары  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылданды.

Қарақалпақ пен Бағаналы ауылдарының тұрғындары ауылдық клубтарында мерекелік концертті тамашалады. Дәңгірбай ауылында 15 желтоқсанда Қазанбасы орманшаруашылығының кеңсесінде салтанатты жиналыс өткізілді. Мектептерде «Қазақстан менің мақтанышым» тақырыбымен сынып сағаттары, «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан»  атты суреттер байқауы, спорттық жарыстар өтті. Кітапханаларда «Менің Тәуелсіз Қазақстаным»  тақырыбымен кітап көрмелері ұйымдастырылды. 


хат жіберу