Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186582
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазанбасы ауылдық округінде Наурыз мейрамын мерекелеу туралы

Наурыз – Жер бетіндегі барлық адамдардың басын біріктіретін, табиғаттың, үйлесімнің, жақсылықтың және нұрлы шуақтың мерекесі, табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып, қайта жанданатын шағы.      

2018 жылдың 20 наурызында Қазанбасы ауылдық округінің ауылдарында Наурыз мейрамы өткізілді. Ауылдық округтің әкімі Әбдібеков Т.Ф. тұрғындарды көктем мерекесімен құттықтады. «Наурыз аруы» атты аудындық байқауда екінші орынға ие болған Жандарбекқызы Күмісайды ауылдық округтің әкімі құттықтап бағалы сыйлық пен мерекелік тортты табыс етті. №1 Қазанбасы орта мектебінің мұғалімі Ділдәбекова Балзада Рахымжанқызы барлықтарын мерекемен құттықтап, Наурыз мейрамын мерекелеу тарихын айтып беріп, аластау рәсімін өткізді. Ауданның ауылдық округтері арасында №1 Қазанбасы орта мектебінде волейболдан аудандық турнир өткізілді. Турнирдің өтуіне демеушілік көрсеткендер: шаруа қожалығының басшысы Омарова Б.Д. – 30000 (отыз мың ) теңге және жеке кәсіпкер Ибрашева Г.А. – 5000 (бес мың) теңге. №1 және №2 Қазанбасы орта мектептерінің акт залдарында, Қарақалпақ және Бағаналы ауылдық клубтарында мерекелік көнцерттер, ұлттық рәсімдері қойылды, жиналған қауым ұлттық Наурыз-көжеден, бауырсақтардан дәм татты. Мерекелік сауда ұйымдастырылып, кәуаптар дайындалды. Студенттер мен ауылдық жастардың қатысуымен спорттық шаралар өткізілді, жеңіскерлер ақшалай, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

хат жіберу