Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз»

2018 жылдың 22 наурыз күні Диев ауылдық округінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы өткізілді. Ауылдық округтің барлық ұйымдары белсене қатысты. Диев ауылдық округінің әкімі Алтынсарин Ж. Қ. құттықтау сөз сөйледі. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Әділ қазылар алқасы жайылған дастархан әдебін бағалады және жүлделі орындар берілді. Ауыл тұрғындары арқан тарту, кір тасын көтеру, армреслинг, бағанға шығу сияқты спорттық іс-шараларға белсене қатысты. Мерекелік концерт өткізілді. Тілек білдірушілер ән айтты. Ұлттық киімдер үшін сыйлықтар ұсынылды. Іс-шараның өтілуіне демеушілік жасаған "Агрофирма "Диевская" ЖШС, ШҚ және ЖК.

«Искаков А.К.» шаруа қожалық атынан ауылдың қарт тұрғындарына арнап қайырымдылық түскі ас берілді. Сонымен қатар Үшқарасу ауылында «Наурыз-мейрамы» атап өтілді. Онда бәйге және "Қазақша күрес" ұлттық ойындар ойнатылды.

Ауыл тұрғындары жақсы көңіл көтеріп, ұлттық тағамдардан дәм татты! Мереке өте жақсы өтті, барлығы риза болды.

 

хат жіберу