Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні»

1 желтоқсанда Қазақстанның барлық халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтеді. Мереке қарсаңында Чернигов ауылдық округінің ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы «Елімен сырласу» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі туралы жазылған кітаптар мен басылымдардан, сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың авторлығымен жазылған кітаптары қойылған. Кітапханашысы Лящук Т.Н. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірі және қызметі, мемлекет тәуелсіздігінің жылдары, сыртқы және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері, Қазақстанның тұңғыш Президентінің қазіргі заманғы тарихтағы рөлі туралы баяндады.2017 жылғы 30 қарашада Чернигов орта мектебінде "ҚР тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы"» тақырыбында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары болып өтті, сынып сағаттарының мақсаты – елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімін, оқушылардың елбасыға, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімдерін тереңдету, отаншылдыққа, ұттық патриотизмге, ержүректілікке тәрбиелеу

30-қараша күні Чернигов ауылында волейболдан жарыс өткізділді. Жарысқа Чернигов ОМ мұғалімдері және ауыл жастары қатысты. Жарыстың мақсаты- жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру.


хат жіберу