Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182698
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстандық Жастар күні.

8 ақпанда Қазақстандық Жастар күніне орай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен шағын футболдан Жастар ресурстық орталығының кубогіне турнир өткізілді. Іс-шараға Әулиекөл ауылы, Аманқарағай ауылдық округі, АІІБ командасы, студенттер және мектеп оқушылары қатысты.

Шағын футболдан жарыстың қорытындысы бойынша 3 орынға Ш.Уәлиханов атындағы мектебінің «Жастар» құрамасы, 2 орынға «Әулиекөл» командалары ие болды. Турнир чемпионы атағын және жүлделі 1 орынды Аманқарағай ауылдық округінің футболшылары жеңіп алды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары және «Әулиекөл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ кубогы табыс етілді. Турнирға қатысушы команда ойыншылары, жаттықтырушылары мен басшылары, сондай-ақ көрермендер мен жанкүйерлер спорттық кездесуге риза болды.

хат жіберу