Блог статистикасы
195
Жазбалар
5013
Өтініштер
202465
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жастарға арналған  «Тойтөбе» қасиетті орынға саяхат

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы іске асырылуда.Оқырмандар табиғи ландшафт және мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштерімен, кесенелерімен, сондай-ақ Қазақстан халқының есінде мәңгілік сақталып қалған тарихи және саяси оқиғаларға байланысты орындарымен танысады. Аманқарағай ауылдық кітапханасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Менің шағын Отаным-Аманқарағай" жобасы бойынша "Тойтөбеге" саяхат ұйымдастырылды.Саяхатқа Аманқарағай ауылының жастары шақырылды.Аманқарағай ауылының шығыс жағында шағын төбешік бар, ол ауыл жағынан жақсы көрінеді және шығысқа қарай еңісі жер бетімен теңеледі. Бұл орын ертеден Тойтөбе деп аталады. Бұл орынға жай демалып келгеннің өзі адам жанына шипа беретін   жер деп айтады жергілікті тұрғындар. Олар бұл жерде керемет емдеу орнын ашуға болатынына сенімді. Кітапханашылар осы қасиетті жердің ерекшеліктері және өлкетанушы Жамантай Уақбаев туралы айтып берді.Ол бұл орманның киелігі жайында айтыла салған болжам емес,нағыз шындық екендігін айтты.Ежелгі уақыттан бері бұл орын адамды тартып тұратын қасиентті бар бір тылсым дүние.Осы жерде Самарқанд қаласынан оралған ақсақ Темір Тоқтамысты жеңген жеңісін тойлаған болатын.Аңыз бойынша, ол жазда 1391 жылы болған. Бір апта бойы тойланды. Сол жерде Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыстың киіз үйі тұрды.Бұл жердің ауасы тұнық,жерден бір ерекше қасиет беріп тұрғандай.Тіпті әдеттегі қарағайлы орманнан кейін де бас ауыруы мүмкін,ал бұл жер адам жанына ерекше дем береді.Бұл өте қарапайым (50 метр 50 метр) көрінетін жерінде түрлі шөптердің жұпар иісінен рахаттана дем алып,егер ақ қайыңға жақындап келсең су сылдырын естуге болады.Төмен қарасаң аяқ астындағы - саңырауқұлақтар және алуан түрлі гүлдер мен шөптерді көресің.Таңғажайып орыннан шыға бере кәдімгі кең далаға кезігесің. Кітапханашылар осы орынға бірнеше рет келіп дерттерінен айығып кеткен жандардың шынайы оқиғалары туралы айтып берді. Ем алып келген кісілерді тексерген дәрігерлер таңданып қалатын еді. Киелі жерге келген кісілер    өздерінің тілектерін тілеп,аққайыңға жіп байласа,ойлаған мақсаттары орындалады деген аңыз кеңінен таратылған.Саяхатқа қатысушылар осы емдік қасиеті бар орынның пайдасы мен көркемдігіне сай бағалады. Іс-шараның мақсаты:патриотизм мен азаматтылыққа, сондай-ақ рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, жастар арасында қазақстандық сәйкестік бойынша тәрбие беру.



хат жіберу