Блог статистикасы
195
Жазбалар
4609
Өтініштер
179312
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Жаңа жыл думаны» жаңа жылдық карнавалды кеш

31 желтоқсан күні Әулиекөл ауданы орталық алаңында «Жаңа жыл думаны» жаңа жылдық карнавалды кеш өтті. Аудан тұрғындарын Әулиекөл ауданы әкімі Ж.Таукенов Жаңа 2018 жыл - алтын түсті ит жылымен құттықтаудан соң, жиналған қауым мерекелік отшашудың куәгері болды.

Мерекелік бағдарлама 20.00 де басталды. Сахна төрінде Аудандық Мәдениет үйінің орындаушылары және түрлі шығармашылық ұйымдарының ұжымдары, көңілді Аяз Ата мен Ақшақар кейпіндегі жүргізушілер мерекелік қонақтарды қызықтыра білді.

Мерекелік кеште көрермендер сұлу шырша жанында өткен және келе жатқан 2018 жылдың кейіпкерлерімен естелік суретке түсті.

Әсерлі де көңілді әндер, мерекелік кештегі керемет ауа-райы, жақсы көңіл-күй осының барлығы тұрғындардың көңілінен шығып, іс-шарадан олардың кеткісі келмеді.


хат жіберу