Блог статистикасы
195
Жазбалар
5137
Өтініштер
207756
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Туған жер-алтын бесігім» вокалдық фестивалі

Әулиекөл ауданының мәдениет үйінде 16 шілде күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жас ұрпақтың вокалдық шығармашылығын дамыту және патриоттық әндерді дарынды орындаушыларды іздеу мақсатында «Туған жер-алтын бесігім» атты вокалдық сайыс өтті.

Аталмыш сайысқа ауданымыздың жас өнерпаздары қатысты. Қатысушылар екі топта 9 -13, 14-18 жас айырмашылығында өнер көрсетті. Байқауда туған жерге арналған патриоттық әндер орындалды.

9-13 жас аралығында «Көрермендер көзайымы» номинациясына Көктал ауылы Таипова Римма ие болды. 9-13 жас аралығында бірінші орынды Бектемирова Аяна, екінші орынды Тихонова Валерия иеленсе, үшінші орынды Писцова Маргарита иеленді.

14-18 жас аралығында «Көрермендер көзайымы» номинациясына Әулиекөл ауылынан Аяулым Бактыбай ие болса, әділ-қазылар екі екінші орынды Бектемиров Алан және Келлер Русланаға берді. Ал бірінші орын Малмакова Зульфияға бұйырды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқаева Жібек Кәкімжанқызы сайысқа қатысқан өнерлі жастарға рахметін айтып, марапаттау қағаздары мен сыйлықтар ұсынды.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Біздің сайысқа қатысушыл жас жеткіншектер өз Отандарына деген сүйіспеншілігін әуелі әндерімен көрсете білді.


хат жіберу