Блог статистикасы
195
Жазбалар
4807
Өтініштер
187463
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Отбасы тарихынан аудан тарихына дейін» еске алу кеші

Әр жеке адамның  және жалпы халықтың өмірінде тарихи құндылықтар ретінде мәңгілік сақталатын оқиғалар, ауқымды,  естен кетпес  атаулы күндер бар. Тың эпопеясы осыларға жатады.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің 65 жылдығына орай 10 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасында«Отбасы тарихынан аудан тарихына дейін» еске алу- кеші кетті.Іс-шараның мақсаты -  Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне ат салысып,тың жерлерді игерушілердің   қосқан үлесі туралы айтып жеткізу.Іс-шара қонақтары Зайляев Фуат Ахметгалиевич, Ефименко Надежда Ивановна, Аязбаева Гаухар Ержановна ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен  өздерінің естеліктерімен,сол ерлік уақытындағы алған әсерлерімен бөлісті.Олардың есімдері еліміздің және біздің ауданымыздың тарихына жазылған. «Тың игеруші» сөзі ерлік, мақтаныш пен құрмет нышаны болды және  болып қала береді.Слайдтар көрсетілді, тың жерлерге арналған туындылар мен әндер шырқалды.  Жүргізушілердің әңгімелерінде құжаттар, фотографиялар, архивтік фактілер,тың игерушілердің естеліктері қолданылды.Аудандық мәдениет үйінің мамандарының қатысуымен музыкалық нөмірлер орындалды.


хат жіберу