Блог статистикасы
195
Жазбалар
5013
Өтініштер
202469
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Біздің отбасымыз кітаппен дос»

6 тамызда Әулиекөл аудандық кітапханасында жыл сайынғы «Біздің отбасымыз кітаппен дос » отбасылық кітап оқу акциясының қорытындысы 30 шілде мен 5 тамыз аралығында өтті. Мақсаты- отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, кітапқа, сөзге ұқыпты қарау, бірлескен шығармашылық арқылы отбасын нығайту, кітап арқылы елжандылыққа және өз өлкесінің дәстүрлері және тарихына құрметпен қарауға тарту.

«Біздің отбасымыз кітаппен дос» кітап көрмесінде оқырмандарға көрмені ұйымдастыруға қатысуға шықырды, оларға және олардың отбасыларына ұнаған кітаптары ұсынылды. Белсенді оқырмандар үшін көрмеге қосымша ретінде фото-галерея ұйымдастырылды.Іс-шараға ең үздік кітап оқитын отбасы, кітапхана ардагерлері, жас оқырмандар шақырылды. Қонақтар үшін «Ал сіздер білесіздерме... » блиц-сауалнама өткізілді.Іс шараның соңында акцияның қорытындысы мына номинациялар бойынша шығарылды: «Ең үздік оқитын отбасы » номинациясының жеңімпазы Әулиекөл аудандық кітапханасының 1996 жылдан бергі оқырманы Кабулов Есентай Кабулович, «Ең үздік оқырман » номинациясы бойынша Кобельков Виталий және «Ең оқырман отбасы » - Дәрібаевтар отбасы ие болды. Номинанттар кітапхана әкімшілігінен алғыс хаттар алды. Акцияға қатысушылар өздерінің пікірлерін ұсыныс және сын-пікір дәптеріне қалдырды.Ата-ана және олардың балаларының қолында жақсы кітап бар болса – ол үйде оқырмандық атмосфера,рухани бірлік болатынына кәміл сенуге болады. Отбасы мен кітаптың байланысын ажыратпау өте маңызды. Осыдан кітапхананың басты және маңызды рөлі – оқырмандарды кітапқа жақындату.

хат жіберу