Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елбасы елімен бірге" атты салтанатты жиын

2017 жылдың 30 қараша күні Аудандық Мәдениет Үйінде "Елбасы елімен бірге" атты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын Б.Жүнісов атындағы "Жетікөл" қазақ халық аспаптар оркестрі "Балбырау" шығармасымен ашылды. Іс-шараның ресми бөлігі Әулиекөл ауданы әкімі Ж.Таукеновтың құттықтау сөзімен жалғасты, ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы мемлекет басшысының дана және көреген саясатының табысының куәгері болды» деді. Іс-шара барысында Облыс әкімінің грамоталарымен:"Тимофеевка-Агро" ЖШС директоры- Кенжикиев Б.С., Әулиекөл ЖШС РЭС "ЭПК-forfait" басшысы – Тетерюк В.В. марапатталды. Аудан әкімінің грамоталарымен: Халыққа Қызмет көрсету орталығының басшысы - Абдибеков Б.Д., Қазақтелеком АҚ директоры- Абилов М.М., Аудандық ішкі істер органдарының кезекші бөлімі, кезекшінің көмекшісі - Омаров А.Ж., «Нұр Отан» партиясы Әулиекөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары -Есенгалиев М.Ж., "Содружество 121" Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі- Абишева Г.С., «Отбасы» Қоғамдық бірлестік жетекшісі - Есмагамбетов А.К., «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Гиматдинова Ф.М. марапатталды.

Мерекелік концертте президенттің сүйікті әндері Аудандық Мәдениет үйі, Өнер мектебі әртістерінің орындауында ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін шырқалды. Осы атаулы мерекеге мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары ат салысты.


хат жіберу