Блог статистикасы
195
Жазбалар
4605
Өтініштер
179094
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Тіл – парасат»

«Тіл – парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің аудандық байқауыны және үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастары арасындағы «Тілдарын» аудандық олимпиадасы

 

Әулиекөл ауданы әкімдігінің аудандық Тілдерді оқыту орталығының 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы 5 сәуір күні этнос жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты аудандық байқауын және үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастары арасындағы «Тілдарын» аудандық олимпиадасын өткізді.

Байқаудың мақсаты:

-        мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, этнос жастары арасында қазақ тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру;

-        үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру;

Қазылар алқасы әрбір қатысушының берілген тапсырмаларды орындағанда олардың өздерінің тілді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуына, жауаптарының орамдылығы мен мазмұнына, тіл шеберліктеріне, шешендік қабілеттеріне қарай отырып баға берді.

«Тіл-парасат» байқауы бойынша бірінші орынды Тимофеев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Байметов Халмурад Умаралиұлы,   «Тілдарын» олимпиадасы бойынша бірінші орынды №2 Аманқарағай орта мектебінің мұғалімі Аманова Гүлзада Бауыржановна иеленді . Жүлделі орын иегерлері облыстық байқауға жолдама алды.


хат жіберу