28 маусым Қазақстандағы Жастар жылына орай Әулиекөл ауданының орталық алаңында «Танцуй пока молодой» атты би фестивалі өтті. Бұл іс шараның мақсаты - өнерлі, жігерлі жастарды айқындау. Кеш қонақтарын «Эдельвейс» би тобы мен ауыл жастарының бірлесе ұйымдастырған флешмобымен қарсы алды. Кешіміздің басты қонақтары - жігерлі, қайратты, батыл , көңілді жастар болды. Ал сахна төрінде ауданымыздың ең мықты деген би топтары өздерінің өнерлерін паш етті, аудан жастары да арнайы ұйымдастырылған сайыстармен ойындарға қатысып, сыйлықтар ұтып алды.