Блог статистикасы
195
Жазбалар
4732
Өтініштер
183329
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ҚР Елбасының жолдауы бойынша Әулиекөл ауданындағы кездесу

Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы және мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру мәселесі бойынша осы жылдың 19 қаңтар айында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімі басшысы Б.Ж. Зейнекин мен ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Ж.Б.Науразбаев Әулиекөл ауданының мәдениет, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары және ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу аудандық кітапхананың оқу залында өткізілді. Кездесуге 20-дан астам адам қатысты.

Б.Ж.Зейнекин мен Ж.Б. Науразбаев елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым 10 міндеті бойынша түсіндіру жұмысын өткізді, Жолдаудың жетінші «Адами капитал – жаңғыру негізі» міндетіне жеке тоқталды. Тармақтағы қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екенін, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі жасалатыны туралы толық ақпарат берді.

Кездесу барысында қатысушылар тақырып бойынша белсенділік көрсете отырып, өз ойларын ортаға салды. Кездесу соңында ардагерлер кеңесінің мүшесі Аязбаева Гаухар Ержанқызы жолдауды түсіндіру жұмысын жүргізгендері үшін алғысын білдірді.


хат жіберу