Блог статистикасы
195
Жазбалар
4802
Өтініштер
187126
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Облыстық «Сөз құдіреті » байқауының жеңімпазы

V Облыстық  «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы Қостанай облысы аумағында жас ерекшеліктері  12-13  аралығындағы балалар арасында өткізіледі. Байқау  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астананың 20 жылдығын мерекелеуге, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған. Байқауға қатысу үшін шығармаларды таңдауда заманауи  (соңғы 27 жылда алғаш рет жарияланған) қазақстан жазушыларының көркем әдебиеттері ( балалар мен жасөспірімдерге арналған таңдаулы шығармалар) шек қойылған.

 Қатысушыға  орындағаны үшін  баға 10- балдық шкала арқылы жүзеге асырылады.Екінші кезеңге қатысқаны үшін байқауға қатысқаны туралы сертификат беріліп, кітаптар сыйға тартылады.

        Қазылар алқасының шешімі бойынша  оқушылар арнайы  номинациялармен және сыйлықтармен марапатталады:

«Мұра» (шығарманы  қазақ тілінде үздік орындағаны үшін);

«Әртістік шеберлігі»

«Шебер таңдау» (шығарманы шебе таңдағаны үшін);

«Үздік бейне» (шығармашылық жағынан образ жасаған);

«Кітапхана таңдауы».

Облыстық  «Сөз құдіреті» байқауының аудандық кезеңінде  қазылардың бірауыздан таңдаулары бойынша Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы   Әділхан  Қалдыбаевтың  «Бүлдірген тере барғанда»  әңгімесін оқыған Құмар Жандос бас жеңімпаз болып танылды.                                Ол 20 сәуірде    Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында өткен  «Сөз құдіреті » мәнерлеп оқу байқауына  біздің ауданымыздың  атынан шықты.

             Облыстық  «Сөз құдіреті » байқауының  ең көп балл жинаған 3 қатысушысы жеңімпаз болып танылды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып,бағалы сыйлықтар тасырылды.

Байқауда Жандос  өзінің  актерлік және мәнерлеп  оқу дарының арқасында   жүлделі  үшінші орынға ие болды. 


хат жіберу