31 мамыр күні Әулиекөл селосының орталық саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Тоталитарлық жүйе жылдарында құрбан болған жерлестерімізді еске алу құрметіне өткізілген митингіге аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың хатшысы, ардагерлер, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың туыстары, аудандық мәслихаттың депутаттары, ұйымдардың өкілдері, БАҚ және аудан азаматтары қатысты. Митингіде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Т.Әлғожин «Арнау» орындады. Іс-шара соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылды.