Блог статистикасы
195
Жазбалар
5013
Өтініштер
202466
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Дарқан дарын иесі» атты іс-шара

26 қазанда Новоселов ауылдық кітапханасында «Туған жер» бағдарламасы аясында І.Омаровтың 105 жылдығына арналған «Дарқан дарын иесі» атты іс-шара өткізілді.

Өткізілу түрі - әдеби қонақжай. Іс –шара мемлекеттік тілде жүргізілді.

Іс шараның мақсаты: Тұрғындардың әдебиет және мәдениетке деген құрметтерін, қызығушылықтарын, өз жерінің белгілі тұлғаларына арқа сүйей отырып, адамгершілік мұраттарын жандандыру, мемлекеттік және қоғам қайраткері, белгілі тарихшы, публицист, әдебиеттанушы, жазушы, драматург И.Омаровтың шығармашылығымен таныстыру.

Дәрісхана: жасөспірімдер, кітапхана оқырмандары, ауыл мектебінің мұғалімдері мен оқушылары. Қатысқандар 45 адам.

Іс- шарада қоғам қайраткері И.Омаровтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалды. Жазушының кітаптары, деректі материалдары, пікір айту, өлеңдеріне дәйексөздер ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Кемері кең бір кемел» атты слайд-тұсаукесері көрсетілді. И.Омаровтың пікірлері мен өлеңдері орындалды. Оқырмандар өз халқы үшін қам жеген қолы ашық жан туралы өздерінің танып-білгендерін ортаға салды.Қостанай облыстық қазақ драмалық театры, қала және ауыл көшелері Ильяс Омаровтың атымен аталған.


хат жіберу