Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183293
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік нышаны!»

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында орталық тыңдаушыларының арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік нышаны!» атты сайыс сабағы өтті.

Аталған сайыс-сабағының мақсаты: тыңдаушылардың мемлекеттік тіл, ҚР “Тіл туралы Заңы” және де ойды айшықты жеткізу құралы фразеологизмдер турасында білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту; мемлекеттік тіл мәртебесінің биіктеуіне үлес қосуға, оны сүюге, асылымызды ардақтауға баулу; теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, еркін, айшықты сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Сайыстың алдында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығы»КММ директоры Нұрлыбек Игиликов барша тыңдаушыларды және келген қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Байқауға орталықтың медициналық, өрт сөндірушілер, ішкі істер орган бөлімі тыңдаушылары қатысты.

Іс – шара барысында қатысушылар сұрақ-жауап, аударма, сурет тапсырмаларын аса қызығушылықпен орындап, өздерінің білімдерін көрсете білді.

Байқау қорытындысында аталған шараға белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.


хат жіберу