Блог статистикасы
195
Жазбалар
4600
Өтініштер
179027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Елбасының мақаласы аясында «Ұлы даланың көне тарихы» атты дөңгелек үстел

Аудандық тілдерді оқыту орталығы және Аудандық мәдениет  үйі бірлесе отырып 2018 жылғы  11 желтоқсанда ауыл шаруашылық колледжінің студенттерінің қатысуымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласы аясында «Ұлы даланың көне сарындары» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында тілдерді оқыту  орталығының директоры Н.Игіликовтың сөзі,  сондай-ақ Аудандық мәдениет үйінің   маманы Бикенов Асланның  баяндамасы тыңдалды.            

Орталық директоры Н. Игиликов Елбасының мақаласында көрсетілген Ұлы даланың жеті қырына тоқталып, әрқайсысының өзіндік маңыздылығын айтып өтті. Өткен тарихын білетін, оны бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор болатынына сенетіндігін айтты. Бұл тақырып үлкен қызығушылық тудырды. Осы ақпаратты тыңдаған студенттер Қазақстан еліміз тарихи мұраға бай екендігі  осыны әрбір азаматы білуі керек, және  қорғап мақтан тұтуға тиіс деп қорытындыға келді. Біздің мемлекетіміздің  елбасшы атап өтті , аға ұрпақ біздің еліміздің жаңа имиджін қалыптастыруға мүмкіндік беретін өте ұзақ, күрделі жолды өткізген. Жастар өз елінің тарихын біліп, оны сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізуге  тиіс.


хат жіберу