Блог статистикасы
195
Жазбалар
4800
Өтініштер
186986
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Оның есімі халық жүрегінде»

2018 жылғы 24 қаңтарда ауылшаруашылығы колледжінің студенттері үшін  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Оның есімі халық жүрегінде» А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына   арналған кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты: тұрғындардың әдебиет және мәдениетке деген құрметтерін,қызығушылықтарын, өз жерінің белгілі тұлғаларына арқа сүйей  отырып, адамгершілік мұраттарын жандандыру,өскелең ұрпақ арасында  Ахмет Байтұрсыновтың  бай мұрасын насихаттау. Оқырмандар назарына ғалым, мемлекет қайраткері, әдебиетші, журналист,  «Алаш» қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың қызметін дәріптейтін «Ұлт руханиятының көсемі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушының өмірбаянынан бейнематериалдар, «Ол- ары, заман тағдыры» слайд-тұсаукесері көрсетілді.

Ауылшарашылық колледжінің студенттері А.Байтұрсыновтың шығармашылығы туралы бейнематериалдар көргеннен кейін өз пікірлерін ортаға салды,жазушының өлеңдерін оқып іс-шараға белсене қатысты.Іс-шараға 20 адам қатысты.


хат жіберу