Блог статистикасы
195
Жазбалар
4801
Өтініштер
187027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр күні «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» атты ірі іс-шара өтті. Дәстүрлі түрде іс-шараға барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары қатысты.Мереке бейбітшілік пен достықтың белгісі ретінде «Халықтар достығы» биімен ашылып түрлі-түсті әуе шарлары аспанға ұшырылды. Орталық алаң адам танымастай өзгерді. Бұл жерде басты кейіпкерлер этномәдени орталықтар болды.Жиналған халық көптеген қызықты ән-күй тыңдап, ұлттық дастарханнан дәм татып, ұлттық антиквариат пен қолданбалы өнермен танысты. Сахнада «Татулық – ел тірегі» атты мерекелік бағдарлама өтті.Ауыл тұрғындарының алдында мәдени мекемелер мен оқу орындарының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Бірінші мамыр күні жиналған халық әр ұлттың киімдерін көріп, әр ұлттың әуезді әуендер тыңдап, мәдениет пен дәстүрдің алуан түрін сезінген халық бей-жай қалмады.

хат жіберу