Блог статистикасы
195
Жазбалар
4812
Өтініштер
187794
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған "Астана-Тәуелсіздіктің жемісі" атты салтанатты іс-шара

15 желтоқсан күні Аудандық мәдениет Үйінде Қазақстан Республикасыны Тәуелсіздік Күніне арналған "Астана-Тәуелсіздіктің жемісі" ұранымен салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Мәдение үйінің фойесінде "ҚОММ "ММ Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағаты", «Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ММ және «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өнер мектебі» КММ көрме ұйымдастырды.

Іс-шараның ресми бөлігінде аудан әкімі Жансұлтан Таукенов әулиекөлдіктерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ауданның әр саласында қызмет жасайтын қызметкерлерді лайықты марапаттау рәсімі мен құттықтау сөз сөйлеп және алғыс айтты. Ауданның талантты көркемөнерпаздары сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті. Концерттің соңғы бөлігін «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өнер мектебі» КММ балалар хоры «Атамекен» әнімен аяқтады.

хат жіберу