Блог статистикасы
195
Жазбалар
5013
Өтініштер
202465
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Айтыс

Айтыс - халық ауыз әдебиетінің осы түрі - XIX ғасырда, яғни Қазақ музыкасы дін мен дәстүр тұсауынан босатылған уақытта пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды.Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырып салма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс кезінде ақындар кез келген еркін тақырыпты өлеңмен өрнектейді. Фольклордың басқа нысандарынан ерекшелігі – Айтыс жиналған халықтың алдында өткізіледі. Айтыскер ақындар алдын ала дайындықсыз сайысқа қатысады, жауапты өлеңмен ойдан шығарып кезек-кезек қайтарып отырады. Бұл сайыс алғырлықты, терең ойды, жылдамдықты талап етеді. Домбырамен, қобызбен және ыммен өз жауабын сүйемелдей отырып, қарсыласына өлең түрінде бірден әрі дәл жауап ойлап тауып, оны қалжыңмен де үйлестіріп отырады.Айтыс сайысатын ақындардың дарынын көпшіліктің тамашалауымен көрініс табады, өлеңмен Айтыс кезінде оның жоғары талантын әділқазы халық бағалап, орнықты орнын береді, содан кейін жеңімпаз ақын халық арасында танымал бола бастайды.Айтыстың түп тамыры өте ертеде бастау алған. Ертеде той-думандарда, әдет-ғұрып салт-дәстүрлерде, үйлену тойларда көпшіліктің бірігіп айтуымен, қыз бен жігіттің сөз тіресуімен айтылған. Айтыс біртіндеп дамып, жетіле бастады. Үлкен және шағын поэтикалық Айтыстардың мәтіндері осы күнге ауыздан ауызға беріліп жетті. Мысалы, Орынбайдың, Шөженің, Түбектің, Жанақтың, Біржанның, Сараның, Әсеттің, Ырысжанның, Сүйімбайдың және халық арасында ауызша тарап кеткен және ХІХ-ғасырда Қазақ және орыс ғалымдары жазып алған басқа да ақындардың Айтысы, бұлар біртұтас шығарма болды.Революцияға дейінгі Айтыстардың идеялық мазмұны көбінесе халықтың тұрмысына, қоғамдық тіршіліктің толғақты мәселелеріне арналды. Айтыскер ақындардың көзқарасына және ұстанымына қарай Айтыс әртүрлі деңгейлерде өрбіді. Айтыс батырлық, әлеуметтік теңсіздік, рулық күрес, отырықшы және көшпенді тіршілік, жеке бастың еркіндігі, әйелдер теңсіздігі, сауат ашу қажеттілігі тақырыптарына арналды.Айтыстың бірнеше түрі болады, оның ең көп тараған түрі қайым Айтыс пен сүре Айтыс. Қайым Айтыс – бұл жаңадан шыққан жас ақындардың арасындағы қысқа қайтарылатын суырып салма Айтысы. Мұндай Айтыстар көбінесе ойын, той-томалақ, мереке кезінде жастар арасында көптеп айтылады. Бұл ең қол жетімді Айтыс түрі. Сүре Айтысы – бұл халық арасында танымал болған тәжірибелі ақындардың Айтысы. Мұндай Айтыстың өткізілетін жері және оның қатысушылары жайлы алдын ала хабарланады. Мұндай Айтыстарға көп халық жиналады, тіпті басқа ауылдардан да тыңдармандар келеді. Мұндай Айтыстардың өзіндік ережесі болған. Мысалы, өзін-өзі таныстыру, елін-руын мадақтау, содан кейін барып Айтыстың тақырыбы туындайды, тақырып ашыла түсіп, дамиды, бұл Айтыстың шырқау шегі деп аталады. Ең соңында жеңімпаз анықталып, даңққа ие болады.Осылайша, Айтыс поэзия, музыка, драмалық қойылым, айту шеберлігі сынды бірқатар өнердің жиынтығын береді. Айтыс сөз байлығын, сонымен қатар қазақтардың музыкалық мәдениетін, халық даналығын көрсететін дәстүрлі Қазақ мәдениетінде үлкен орын алады.

хат жіберу