Блог статистикасы
195
Жазбалар
5013
Өтініштер
202465
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құсмұрын кентіне 80 жыл

3 тамыз күні Құсмұрын кентінде Теміржол көлігі күніне орай және Құсмұрын кентінің 80 жылдық мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар күн бойы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ұлттық мәдени мұраны сақтау, Қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында мәдениет үйінде «Туған жер – тұңған тарих» атты ғылыми - тәжірибелік конференция өтті.

Орталық алаңда аудандық және ауылдық мәдениет үйінің үздік шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының қатысуымен "Сені жырлаймыз - сені мақтан тұтамыз!" атты концерт ұйымдастырылды.

Концерттің салтанатты бөлімінде аудан әкімінің орынбасары А. С. Айсин барлық құсмұрындықтарды мерекемен құттықтап, әр түрлі саладағы үздік қызметкерлерге аудан әкімінің грамотасын табыс етті. Теміржол көлігінің басшылары әріптестерін құттықтап, ардагерлерге және үздік қызметкерлерге грамота мен алғысхаттар табыс етті.

Бұл күні теміржол саласының қызметкерлері арасында сұлулық байқауы өтті.

Қазылар алқасы қорытынды шығарғаннан кейін Құсмұрын дабыл және байланыс дистанциясының бірінші санатты инженері Күлпеисова Әйгерім байқауды4 жеңімпазы болып- «Нағыз ханым» атанды, оған «Нағыз ханым» тәжі кигізілді. Күні бойы алаңда және стадионда спорттық іс-шаралар, сауда қатарлары жұмыс істеді, бұл күн ашық аспан астындағы мерекелік би кешімен аяқталды.


хат жіберу