Блог статистикасы
195
Жазбалар
4812
Өтініштер
187793
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Қош келдің мерейлі, Әз Наурыз!»

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Әулиекөл ауданында 21 наурыз сағат 10.00-де ауылдың орталық алаңында «Қош келдің мерейлі, Әз Наурыз!» атты театрландырылған мәдени шара өтті. Мерекелік бағдарламаны «Жетікөл» ансамблі ашты. Дәстүр бойынша Қыдыр-Ата Наурыз мерекесінде сәттілік, бақыт және денсаулық тілеп батасын берді. Наурыз ұлы мейрамымен ауданың әкімі Ж.К.Таукенов барша халықты мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт және тыныштық тіледі. Алаңда күмбірлеген әуен ойнады, «Гүлдер» және «Эдельвес» топтары өздерінің көктемгі би қозғалыстарымен өз өнерлерін көрсетті.

Орталық алаңда аудандық ұйымдар орнатқан ақ киіз үйлер, оның ішіндегі өңделген бай ақ дастархан барлық тілек білдірушілер үшін дайындалды. Мерекелік үстелдің міндетті атрибуты – Наурыз көже. Дәстүр бойынша Наурыз мерекесінде әркім өз күшін, шеберлігін тексеру үшін спорттық ойындар да жоқ емес еді. Аудан мектептері өздері қолмен дайындаған қолданбалы өнерлерін халыққа таныстырды. Наурыз мерекесі аудандық Мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік бағдарлама қонақтарға және ауыл тұрғындарына керемет демалыс атмосферасын толықтай қуантуға мүмкіндік берді.


хат жіберу