Блог статистикасы
195
Жазбалар
4732
Өтініштер
183329
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауданының 2019 жылдың 1 мамырына әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы туралы.

Ауыл шаруашылығы

2019 жылдың сәуір айында ауылшаруашылығының жалпы өнім шығарылымы 3270,6 млн. тенгені (2018 жыл –2956,3 млн. тенге).

Мал шаруашылығының нақты көлем индексі – 105,6% (2018ж. – 106%).

2019 жылдың 1 сәуіріне шаққанда мал басы саны: ІММ– 42535 басты құрайды немесе 102,5% былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қой мен ешкі –45042 немесе 105,2%, шошқа – 8285 немесе 107,4%, жылқы – 10084 немесе 103,8 %, құстар – 159244 немесе 101,5%.

Егістік дақылдарының жалпы көлемі 254,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде астық дақылдары – 217,5 мың гектар немесе егістік алқабының жалпы көлемінен 85,5%, майлы дақылдар – 6,2 мың гектар немесе 2,4%, жем -шөп– 30,8 мың гектар немесе 12,1%.

Жоспарланған 1632 тоннаның элита және бірінші репродукциялы тұқымының 1742 тоннасы сатып алынды . Тұқым айырбастау 6,4% құрайды.

Литрі 183 тенге тіркелген бағамен 3570 тонна жеңілдетілген отын бөлінді. 53 шаруашылықпен 3476 тонна отынға келісім жасалды (97,4%).

Ауылшаруашылық өнім өндіруші басшыларымен 556 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алуға 10 меморандум жасалды.

2019 жылға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 350 аналық ІММ басын сатып алу жоспарланған. Қаржылық қолдау қорында 66 ІММ басын сатып алуға 2 тапсырыс қарауға жіберілді: «Аймагамбетов Ж.С.» ШҚ- 16 бас.

( К. Тұргұмбаев атындағы ауыл), «Замаев Х.И.» ШҚ (Чернигов а/о) – 50 бас.140 бас сатып алуға 3 әлеуетті қатысушы бар., олармен құжаттар дайындалуда: «Есенеев Д.С.» ШҚ - 100 бас.(Новоселов а/о), «Нажмитдинов С.С.» ШҚ - 20 бас. (Диев а/о), «Оскар Д»- ЖШС 20 бас. (Казанбасы а/о). Әулетті қатысушыларды іздеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2019 жылға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 600 аналық ҰММ басын сатып алу жоспарланған. Орындау 83%: Шоланов Саруарбек Кадиргалиевич - «Шоланов С.»ШҚ басшысы,Сұлукөл а/о, «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ-нан 500 ҰММ басын сатып алуға несие алды, мал басы сатып алынды. «Удербаев Д.Г.»ШҚ Сұлукөл а/о, «АШ ҚҚҚ»АҚ 250 ҰММ басын және 10 бас қой өндірушісін сатып алуға тапсырыс берді.

Аналық ІММ басын тұқымдық қайта жаңартуға 2019 жылға 24,2% жоспар бекітілген, бұл 4 488 ІММ басын құрайды.

Әулиекөл ауданы Қарабалық ауданындағы «Терра» ЖШС 1 деңгейдегі семірту алаңына бекітілген. 2019 жылға семірту алаңын толықтыруға жоспар ІММ 1750 басты құрайды, тапсырылды 134 бас. «Анищенко»ШҚ. Орындау 8%.

«Жайылымдарды сумен қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 1 ұңғыма қазу жоспарланған.

Жер қатынастары

Әулиекөл ауданының аумағы – 1110,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде: - ауыл шаруашылығына арналған жер –737550 гектар соның ішінде:

- егістік – 353181 гектар

- шабылымдар – 7850 гектар

- жайылымдар 361321 гектар

Барлық елді мекен - 34. Елді мекендердің жер құрамы – 96774 гектар.

Аудан аумағында ауылшаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын 21 ЖШС, 224 шаруа қожалығы бар.

        2019 жылдың басынан бастап тараптардың келісімі бойынша жалға беру шарттарын бұзу жолымен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын алаңы 268,7 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2 жер учаскесі мемлекеттік меншікке берілді.

Ветеринария

Әулиекөл аумағында 2 мал бордақылау алаңы бар («Аз-Хазар»ЖШС, «Сулуколь» ЖШС) және 4 бордақылау алаңқайы («Москалевское» ЖШС, «Тимофеевка-Агро» ЖШС, «Диевская АГФ» ЖШС, «Серикова»ЖК).

2019 жылы эпизоотикалық шараларды өткізу үшін 64,5 млн. тенге бөлінді, оның 25,5 млн.теңгесі игерілді, малдардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс-шараларға 1,2 млн. тенге,ауру малдардың санитарлық бордақылауын ұйымдастыруға 1,7 млн. тенге, инсинераторларды қолдану арқылы табиғи қалдықтарды пайдаға асыруға 3,1 млн.тенге, оның 2 млн. теңгесі игерілді.

Сәйкестендіруге жылдың басынан: ІММ-4741 бас жоспарланғаны 11000 бас (43,1%), ҰММ-2002 бас жоспарланғаны 13000 бас (15,4%), жылқы - 421 бас жоспарланғаны 1410 бас (29,9%), шошқа – 1285 бас жоспарланғаны 4100 бас (31,3%)

ІММ бруцеллезге серологиялық зерттеу 18881 бас өткізілді (РБС, ҚҚР, АР, ИАТ), сиыр - 10256 бас, тұқымды бұқалар - 451 бас, ересек мал басы - 8174 бас.

ІММ бруцеллезге қарсы тұра алатындары – 90 бас, бордақылауға тапсырылғаны – 34бас. Бруцеллезге қарсы тұра алатын ҰММ -16 бас, бордақыланғаны- 8 бас.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 1,2 млн. тенге бөлінді, 840 мың теңге игерілді, 425 бас қаңғыбас иттер аулау өткізілді.

Өнеркәсіп

2019 жылдың қаңтар-сәуір айында аудан кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1636,2 млн. теңге (2018 ж – 1394,1 млн. тенге) немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 117,4 пайызды құрады. Нақты көлем индексі 113,4% (2018 ж. – 117,2%).

Кәсіпкершілік

Ауданда 1848 бірлік шағын кәсіпкершілік субъектісі тіркелген, оның 1515 (82 пайыз) бірлігі жұмыс жасауда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың жалғыз бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері мақұлданған жобалар жоқ.

Инвестициялық қызмет

2019 жылдың қаңтар - сәуір айында негізгі капиталға инвестиция көлемі 3299 млн. тенге (2018 ж.- 1173 млн. тенге )құрады.

Инвестицияның нақты индекс көлемі 2,6 есеге өсті (2018ж.–2,5 есе) , "ҰК Теміржолы "АҚ-ның темір жолдарды жөндеуге 2845 млн.теңге көлеміндегі инвестициялар есебінен.

Құрылыс

Тұрғын үй құрылысы саласында жылдық жоспарланған 2500 ш.м. тұрғындардың қаражаты есебінен пайдалануңа берілгені 1104 шаршы метр тұрғын үй, былтырғы жылдың осы мерзіміне 100,8 пайызды және жылдық жоспардың 44,1 пайызын құрайды.

Төрт айдың қортындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3млрд.95 млн тенгеге орындалды, 2018 жылдың осы мерзіміне 2 млрд.294 млн. тенгеге көлемі асады. Құрылыс жұмыстарының көлемінің нақты индекс көлемі 3,8 есе өсті, "ҰК Теміржолы"АҚ-ның темір жолдарды күрделі жөндеуге 2841 млн.теңге есебінен.

Әлеуметтік сала

         "Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы іс-шараларды іске асыруға 2019 жылға республикалық бюджеттен 96,3 млн. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша, қысқа мерзімді курстарда 38,7 млн. теңгеге 138 адамды оқыту жоспарланған,игерілгені 5,9 млн.теңге. Бүгінгі күнге 138 адам, Әулиекөл ауылындағы колледжде және Диев ауылындағы мобилдік оқу орталығында білім алуда, олардың 40 оқуды тәмәмдады, 4 жұмысқа орналастырылды.

"Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру" бағдарламасының екінші бағыты аясында 110,2 млн.теңге соммасына 43 адам жоспарланған. 133,5 млн.теңге соммасына 43 адам құжат жинауда.Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында 56,5 млн.теңге соммасында 13 қарызгердің құжаты тапсырылған, олардың 31,6 млн тенге соммасында 5 қарызгердің құжаты қабылданды және 24,8 млн.теңге соммасында 8 қарызгердің құжаты мақұлданды.

«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша ағымды жылы 100 адамды оқыту жоспарланған, 97 адам оқуды бастады,олардың 66 оқуды бітірді.

Үшінші бағыт бойынша, жастар тәжірбиесіне жалпы соммасы 9,5 млн. тенгеге 25 адам оқуға жіберу жоспарланған. Ағымды жылдың 1 мамырына 7 адам окуға жіберілді, игерілді 191 мың теңге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жалпы соммасы 6,1 млн.теңгеге 27адам орналастыру қарастырылған, игерілді 1,5 млн.теңге. Ағымдағы жылдың 1 мамырына 29 адам жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстарға жалпы соммасы 25,5 млн.тенгеге 150 адам жіберу жоспарланған. Қаңтар айынан бастап 101 адам жіберілді, игерілді 4,4 млн.теңге.

"Еңбек ресурстарының ұтқырлығы" бағдарламаның үшінші бағыты аясында оңтүстік аймақтардан 40 қоныс аударушыларды көшіру қарастырылды. Бүгінгі күнге 1 отбас көшіп келді Үшқарау ауылында (4 адам) және 3 отбасы (17 адам) калинин ауылына.

Жыл басынан бері жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 542 адам қамтылды, бұл жыл жоспарының 37 пайызын құрайды (1464 адам), оның ішінде 179 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды.

Білім беру

Ауданда білім берудің 42 объектісі жұмыс жасайды,соның ішінде мектеп - 33 (18 орта, 8 негізгі, 5 бастауыш, 2 кешкі мектеп), 7 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 2 мектептен тыс мекеме. 3 мектепте интернат жұмыс жасайды, онда 56 бала тұрады: Әулиекөл бастауыш мектебінде (40 бала),Тимофеев ОМ(7 бала),Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ОМ (9 бала).

Оқушылар құрамы 5285 бала. Білім беру мекемелерінде 868 мұғалім жұмыс жасайды, олардың - 728 (83,9%) жоғары білімді, 140 (16,1%) орта кәсіби білімді. Жоғары білікті - 207 (24 %), 1 санатты - 222 (25,5%), 2санатты -192 (22%).

Білім саласының бюджеті 3 млрд. 286 млн. тенгені құрайды. Жалпы білім беру қорын қаржыландыруға қарастырылған сома – 45,6 млн. тенге, қаржыландырудың жалпы соммасынан 1 % құрайды.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 94,3% құрайды. 0 жастан 7 жасқа дейінгі кезек – 790 бала.

44428 дана оқулықтарды, оқыту-әдістемелік жинақтамаларын сатып алуға аудан бюджетінен жалпы сомасы 35 млн. тенге бөлінді.

Аудан мектептеріне жеткізуге 186 оқушы қамтылған. Ауданның 10 мектебіне 19 елді мекенінен жеткізу ұйымдастырылады. Күнделікті - 130 балаға, жеті сайынғы - 56 балаға жеткізу қарастырылған.

Ағымдағы жылы Аманқарағай ауылында құны 1 млрд 178,1 млн.теңге тұратын мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы қарастырылған. 2019 - 2020 жылдарға арналған бюджетте мектеп салуға қаражат көзделген (2019 ж. - 1 млрд. 69,7 млн. теңге,2020 ж. - 102,2 млн. теңге).


2019 жылдың 12 қаңтарына 1 млрд. 154,1 млн. тенге соммасында конкурс жарияланды. Конкурс өткізілді, «Алюминстрой»ЖШС мердігер анықталды, конкурстың тәртібі шағымдалғаннан кейін келісім жасалады.

            Ағымды жылы «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасына жоғарғы бюджеттің трансферттері есебінен Әулиекөл ауылында үш жобаны іске асыру қарастырылған: Илья Сьянов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 132,7 млн.тенге соммасында және 4 млн. тенге аудан бюджеті қаражаты есебінен, бастауыш мектептегі интернатқа - 159,3 млн.тенге және «Айгөлек» балабақшасына -78 млн. тенге.

         2019 жылдың 7 наурызынан Илья Сьянов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 136 млн. 767,7 мыңтенге соммасында конкурс жарияланды. Конкурс өткізілді, «Алюминстрой» ЖШС мердігер анықталды.

Денсаулық сақтау

Аудан аумағында 2 стационарлық кәсіпорын жұмыс жасауда (1 ОАА, 1 АА) және 29 амбулаторлық-емханалық кәсіпорын мен АМПП объектілері (4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 20медициналық пункт). Әулиекөл ОАО керует саны 160 орынды құрайды, Кұшмұрын кенттік ауруханасында 13 керует-орын. Дәрігерлердің орташа айлық еңбек ақысы 214 мың 270 тенгені, орта медициналық қызметкерлердің 121 мың 984 тенгені, кіші медициналық қызметкерлердің 52 мың 939 тенгені құрайды.

Ауданда 66 дәрігер жұмыс жасайды, олардың - 3 жоғары саннатты, І санатты-15, II санатты-5. Ауданды дәрігерлермен толықтыру 88% құрайды, орта медициналық қызметкерлермен 100%.

         Ауданда 2019 жылдың 4айында 3 жағдай сәби өлім-жітімі жіберілген. Туберкулезбен аурудың 5 жағдайы анықталды .

Мәдениет

         Ауданда 38 (35-мемлекеттік) мәдениет объектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: 28 кітапхана , 1 коворинг орталығы (29 – мемлекеттік), 9 клуб мекемелері (6 – мемлекеттік, 3 – ЖШС). Жергілікті тарих және мәдениет маңызы бар ескерткіштері 60, оның ішінде 36 нысан алдын-ала есепке алынған, яғни тарихи-мәдени құндылықтар мен ескерткіш мәртебесі жоқ, 24 объект мемлекеттің қорғауында. Мәдениет нысандарын ұстауға 2019 жылы аудан бюджетінен 159,3 млн. теңге бөлінді.

Қаржылықкөрсеткіштер.

         2019 жылдың 1 мамырына шекті барлық салықтар мен төлемдер болжаммен 447,4 млн. теңге, түсім 524 млн теңге, немесе жоспардан 117 пайыз, соның ішінде аудандық бюджетке 311,2 млн теңге болжаммен түсім 358 млн теңге немесе 115 пайыз (+46,8 млн. теңге).

         Аудан бюджетінде 2019 жылға 4 бюджет деңгейіне көшкен 5 ауылдық округ үшін көлемі 289,8 млн. теңге субвенциялар қарастырылған, қалған 10 округке - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомасы 18,7 млн. теңге(қаңтар-сәуір айларында 13,9 млн.теңге аударылды). Осы трансферт қаражаттарын аббаттандыруға, тазалыққа, елді мекендерді жарықтандыруға, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарына және балаларды тасымалдауға жұмсау жоспарланған. Ауылдық округ әкімдерімен БШҚ қаражатынан 154,4 млн. тенге сомма, соның ішінде ҚБШ МСУ 6,4 млн.теңге жұмсалған.

         Ауылдық округ әкімдерінің бақылау шотындағы қаражат соммасы 2019 жылдың 1мамырына 54,1 млн. тенгені құрайды, соның ішінде ҚБШ МСУ 8,8 млн.теңге.

Еңбек ақы төлемі

         Аудан бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 2018 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 109 мың 391 теңге (2017 ж. – 91 мың 476 теңге), облыстық орташа жалақыдан төмен 11 мың 983 (обылыстық орташа жалақы 121 мың 374теңге). Өткен жылдың деңгейіне орташа айлық еңбекақының өсімі 119,5% құрады. Еңбекақы төлеу бойынша аудандағы мекемелер мен кәсіпорындардың берешегі жоқ.


Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық   

        Ағымдағы жылы Аманқарағай ауылында жалпы құны 2 млрд.862 млн. теңге су құбырының құрылысы қарастырылған. Жобаны іске асыру үш жылдық кезеңге республикалық және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жоспарланған, 2019 жылы 799,6 млн.теңге, 2020 жылы - 1 млрд. 92,2 млн. теңге және 2021 жылы-963,4 млн. теңге сомасында қаражат көзделген.


         2019 жылдың 21 қаңтарында 2 млрд 823,2 млн.тенгеге коонкурс жарияланды. Конкурс өткізілді, «KazConstructionGroup»ЖШС мердігер анықталды, конкурстың тәртібі шағымдалғаннан кейін келісім жасалады. 2019 жылы Новонежинка ауылында су құбыры құрылыстары мен желілерінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға 8,6 млн .теңге қарастырылды. «Костанайводпроект «ПИП» ЖШС-мен 11,7 млн.тенгеге шарт жасалды. Қазіргі мерзімге жоба мемлекеттік сараптамада. Құрылыс-монтаждық жұмыстың болжамды құны 1 млрд.131.млн.тенге.

Жолдар

         Аудандық бюджеттен 2019 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін ұстауға 34 млн. теңге, оның ішінде: 22,3 млн. тенге аудандық маңызы бар жолдарға, олардың: 9,3 млн. тенге қыста ұстауға, игерілді 2,5 млн. теңге құрайды, 2,5 млн. тенге жазда ұстауға 11,8 млн. теңге елді мекендеріндегі көшелерге: Әулиекөл ауылы (5,8 млн. теңге, 2,5 млн теңге қысқы, 3,3 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Аманқарағай ауылы(3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Құсмұрын кенті (3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға).

         Республикалық және облыстық бюджет трансферттер есебінен 334,1 млн. теңгеге" Аудандық маңызы бар KP-AU-3 Лаврентьевка-Перврмай-Приозерное-Большая Чуроковка автомобиль жолының орташа жөндеуге, (0-23 шақырым)" бөлінді. Конкрус жүргізілді, мердігер "ВАН" ЖШС 300,7 млн.теңгеге анықталды. Аудан бюджетінен техникалық байқау жұмыстарына 4,3 млн.теңге бөлінді. Мамырдан жұмыс басталды.

         "Әулиекөл - Диевка - Қосағал - Ақжол" облыстық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстарына 2019 жылы облыстық бюджеттен жалпы сомасы 788 млн. теңге бөлінді.

         Аудан бюджеті қаражаты есебінен Әулиекөл ауылында 4 бағдаршам орнатуға 6,2 млн теіге қарастырылған. «itek» ЖК 5,5 млн. тенгеге келісім жасалды.

        Ағымды жылы «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасына жоғарғы бюджеттің трансферттері есебінен Әулиекөл ауылында үш жобаны іске асыру қарастырылған: Мамедов көшесін орташа жөндеуге 88,2 млн.теңге соммасында,Бәйтерек-19,5 млн.теңге,50 лет ВЛКСМ -21,8 млн.теңге.

хат жіберу