Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193861
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауданының 2018 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы туралы

Ауыл шаруашылығы

2018 жылдың 1 қазанына айына ауылшаруашылығының жалпы өнім шығарылымы 17094,3 млн. тенгені (2017 жыл – 15750,3 млн. тенге) құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 8,5 пайызға жоғары .

Мал шаруашылығының нақты көлем индексі – 100,2% (2017ж. –102,2 %) жеткізілген жоспар кезінде 106,2%.

2018 жылдың 1 қазанына шаққанда мал басы саны: ІММ– 39635 басты құрайды немесе 101,3% былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қой мен ешкі – 441522 немесе 102,9 %, шошқа –25813 немесе 101,5%, жылқы – 10262 немесе 102,6 %, құстар – 173980 немесе 101,3%.

Ағымдағы жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 224,3 мың гектардан астық жинады, оның ішінде бидай көлемі - 196 мың гектар. Бастырылды 222,2 мың тонна, орташа шығымдылығы гектарына 9,9 ц/га.

Орташа өнімділік аудан бойынша "АГФ "Диевская" ЖШС - 9,9 ц/га., "Кайсар - Агро" ЖШС - 10,0ц/га.,"ИНСПЭК" ЖШС - 9,9 ц/га. "Черниговское" ЖШС - 9,9 ц/га," Тимофеевка-Агро"ЖШС - 10,0 ц\га, "Ахмеджанов С.К"ШҚ- 15,0 ц/га, "Какимжанов Е.С."ШҚ - 13,0 ц/га,"Хасенов Г.С."ШҚ - 14,9 ц/га, "Оспанов Т. Т" ШҚ - 12,4 ц/га, "Омаров А. К."ШҚ -12,0 ц/га қол жеткізді .

Жемшөп дақылдары - 47 мың гектар жинау аяқталды, майлы дақылдар– 5,7 мың гектар жинау науқаны жалғасуда,бастырылды 5,2 мың га немесе 91,5%, 2,8 мың тонна бастырылуда.

Жер жырту 80,5 мың га алаңда жүргізілді.

Қоры 100%-дық, шөп 135,3 мың тонна, 4,5 мың тонна пішендеме, 0,7 мың тонна сүрлем дайындалды.

Дәнді дақылдардың жалпы алаңы 268,8 мың гектарды құрайды. Дәнді дақылдар 224,3 мың гектар жерді алып жатыр,соның ішінде бидай- 269 мың гектар. Майлы дақылдар – 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдары-38,7 мың гектар.

Әулиекөл ауданы бойынша 2018 жылға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 166 импорттық аналық бас ІММ және 432 бас аналық ҰММ жоспар белгіленген. Импорттық 72 аналық бас ІММ сатып алуға Чернигов ауылдық округінен екі әлеуетті қарызгер бар: Музаев Р.М. 50 бас., Юрченко А.А. 22 бас .

«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Аграрная кредитная корпорация»АҚ арқылы Аманкарагай ауылдық округінен «Нурай» ШҚ 600 бас аналық ҰММ сатып алды,жоспар 39 пайызға орындалды.

Жайылымдарды сумен қамсыздандыру бағдарламасы бойынша «Кетебаева З»ШҚ 1 ұңғыма қазылды және қаржыландырылды,жоспар 100 пайызға орындалды.

Жер қатынастары

Әулиекөл ауданының аумағы – 1110,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде: - ауыл шаруашылығына арналған жер –759880 гектар соның ішінде:

- егістік – 378005 гектар

- шабылымдар – 8544 гектар

- жайылымдар 357769 гектар

Барлық елді мекен - 34. Елді мекендердің жер құрамы – 94918 гектар.

Аудан аумағында ауылшаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын 21 ЖШС, 226 шаруа қожалығы бар.

Жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізуге 2018 жылға 850 мың теңге қарастырылған. Игерілді 644 мың теңге, оның ішінде 455 мың теңге Аманқарағай ауылындағы қолданыстағы жерді пайдалануды ретке келтіру, 188 мың теңге ауыл шаруашылығы кадастрлық карталарын дайындау. Конкурс жарияланған жоқ.

        2018 жылдан бастап мемлекеттік меншікке тараптардың келісімі бойынша жайға алу шарттарын бұзу арқылы тікелей ауылшаруашылық бағытта пайданылмайтын жалпы көлемі 1631,6 гектар 4 жер телімі қайтарылды, соның ішінде егістік 888 га, жайылым 726 га, жол аралық - 4,1га, басқалары -13,5га.

Ветеринария

Әулиекөл аумағында 2 мал бордақылау алаңы бар («Аз-Хазар»ЖШС, «Сулуколь» ЖШС) және 4 бордақылау алаңқайы («Москалевское» ЖШС, «Тимофеевка-Агро» ЖШС, «Диевская АГФ» ЖШС, «Серикова»ЖК).

2018 жылы эпизоотикалық шараларды өткізу үшін 62,6 млн. тенге бөлінді,игерілгені 37,5млн.тенге. Малдардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс-шараларға 7 млн. тенге, игерілгені 824 мың тенге, ауру малдардың санитарлық бордақылауын ұйымдастыруға 2,6 млн. тенге,игерілгені 345,7 мың тенге, инсинераторларды қолдану арқылы табиғи қалдықтарды пайдаға асыруға 3,1 млн.тенге,оның 2,7 млн. теңгесі игерілді.

Сәйкестендіруге жылдың басынан: ІММ- 12470 бас жоспарланғаны 12000 бас (103,9%), ҰММ-12065 бас жоспарланғаны 12000 бас (100,5%), жылқы – 1366 бас жоспарланғаны 1360 бас (100,4%), шошқа 4129 бас жоспарланғаны 4110 бас (103%).

ІММ бруцеллезге серологиялық зерттеу 41409 бас (84%) өткізілді (РБС, ҚҚР, АР, ИАТ) жылдық жоспарланғаны 49290 бас, сиыр - 19660 бас, жылдық жоспарланғаны 24801бас,тұқымды бұқалар-1251 бас, жылдық жоспарланғаны 1688 бас, ересек мал басы – 11326 бас, жоспарланғаны 12532 бас, жас мал ИАТ 4-6 айлық - 9172бас, жоспарланғаны 10269 бас.

ІММ бруцеллезге қарсы тұра алатындары – 365 бас. Олардың бордақылауға тапсырылғаны – 353 бас, қалғаны – 12 бас.

ҰММ бруцеллезге қарсы тұра алатындары – 170 бас. Олардың бордақылауға тапсырылғаны – 109 бас,қайта өңдеуге жіберілгені- 51 бас, қалғаны – 10 бас.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 1 млн. тенге бөлінді, 638 бас қаңғыбас иттерді аулау өткізілді.

Өнеркәсіп

2018 жылдың 1 қазан айына аудан кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 3991,8 млн. теңге (2017 ж – 3734 млн. тенге) немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106,8 пайызды құрады. Нақты көлем индексі 107,4% (2017 ж. – 114,3 %), 9 айлық жеткізілген жоспар 100%.

Кәсіпкершілік

Ауданда 1805 бірлік шағын кәсіпкершілік субъектісі тіркелген, оның 1427 ( 79 пайыз) бірлігі жұмыс жасауда.

2018 жылдың қаңтар айында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде кредит бойынша сыйақы бөлігінің мөлшерлемесін субсидиялауға 1 жоба іске асырылды, "АМАН" ШҚ 57 млн. теңге сомаға (шабылғысымен комбайн сатып алуға).

Инвестициялық қызмет

2018 жылдың қаңтар - қырқүйегіне негізгі капиталға инвестиция көлемі 4737 млн. тенге (2017 ж.- 4653млн. тенге ) құрады.

Инвестицияның нақты индекс көлемі 95,3 есеге өсті, жоспар бойынша 83,2 % (2017ж.–188,4%) құрады. инвестиция көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1682 млн. теңгеге өсті.

Инвестицияның өсуі ауданда "магистральдық құбыр салу" ірі инвестициялық жобасының жүзеге асырылуына байланысты ЖШС "Қазтрансгазаймақ" кәсіпорынымен 1460 млн. теңге салынды, салымдардың жалпы көлемінен 30,8 пайызды құрайды. Қазақстан Теміржолы Компаниясымен жабдықтарды жөндеуге 482 млн. теңге салынды. Инвестициялар жеке тұрғын үй құрылысы үшін 97,4 млн. теңге, ауданның кәсіпорындарынан 1123. теңгені құрады.

Құрылыс

Тұрғын үй құрылысы саласында жылдық жоспарланған 2313 ш.м. тұрғындардың қаражаты есебінен пайдалануңа берілгені 2224 шаршы метр тұрғын үй, былтырғы жылдың осы мерзіміне 105,8 пайызды және жылдық жоспардың 96 пайызын құрайды.

         9 айдың қортындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3млрд. 709млн.тенгеге орындалды, бұл 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 406 млн.теңгеге артық. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 106 %. Құрылыс жұмыстарының көлеміне: «ИНСПЭК» ЖШС жалпы соммасы 40 млн.тенгелік астық қоймасының құрылысы мен «Костанайангарстрой»ЖШС Коктал ауылында,тапсырыс беруші Оспанов шаруа қожалығы, жалпы соммасы 37 млн.тенгелік астық тазалау құрылғысының мердігерлік жұмыстары енді. Бұдан басқа жалпы соммасы 2,4 млрд. теңгелік магистральдық құбыр жүйелерін салу көлемі енгізілген. ВАН ЖШС кәсіпорынымен жалпы сомасы 1 млрд. 9 млн. теңге жолдардың жөндеу жұмыстары орындалды.

Әлеуметтік сала

         "Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы іс-шараларды іске асыруға 2018 жылға республикалық бюджеттен 61,5 млн. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша, қысқа мерзімді курстарда 29,8 млн. теңгеге 116 адамды оқыту жоспарланған, игерілген сомасы 17,4 млн. теңге. Ағымды жылдың 116 адам оқуға жіберілді немесе 100 пайыз,111 адам оқуын аяқтады, оның 109 тұрақты жұмыспен қамтылды (98%) .

"Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру" бағдарламасының екінші бағыты аясында жалпы соммасы 150 млн. тенгеге шағын несие беру 48 адамға жоспарланған. 2018 жылдың 11 қазанына 47қарызгерге 135,4 млн. тенгеге несие берілді.

«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша ағымды жылы 150 адам оқытылды.

Үшінші бағыт бойынша, жастар тәжірбиесіне жалпы соммасы 6,1 млн. тенгеге 17 адам оқуға жіберу жоспарланған. Бүгінгі күнге 18 адам окуға жіберілді, игерілген сомасы 5,3 млн. теңге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жалпы соммасы 6,7 млн.теңгеге 20 адам орналастыру қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 қазанына 37 адам жұмыспен қамтылды, 4,9млн.. теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстарға жалпы соммасы 22,2 млн.тенгеге 150 адам жіберу жоспарланған. Қаңтар айынан бастап 146адам жіберілді, игерілгені 20,9 мың теңге.

Үшінші бағыт аясында "Еңбек ресурстарының ұтқырлығы" бағдарламасымен оңтүстік аймақтардан 15 отбасы қоныс аударушыларды көшіру жоспарланды. Бүгінгі күнге 11 отбасы (Тимофеевка-2, Первомай-2, Ушкарасу-1, Калинин-2, Черниговка-2,Әулиекөл-1,Сосновка-1) ауылдарына қоныс аударды.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен жыл басынан бері 1492 адам қамтылды,бұл жыл жоспарының 100,5 пайызын құрайды (1485 адам), оның ішінде 884 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Білім беру

                Ауданда білім берудің 42 объектісі жұмыс жасайды,соның ішінде мектеп - 33 (18 орта, 8 негізгі, 5 бастауыш, 2 кешкі мектеп),7 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 2 мектептен тыс мекеме. 3 мектепте интернат жұмыс жасайды, онда 54 бала тұрады: Әулиекөл бастауыш мектебінде (33 бала),Тимофеев ОМ(6 бала), Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ОМ (9 бала).   

2018-2019 оқу жылының басына білім беру ұйымдарын кепілді мемлекеттік нормаланған желісіне сәйкес келмеуіне байланысты Шилі және Жалтыркөл бастауыш мектептері жабылды.      

Оқушылар құрамы 5308 бала. 2017-2018 оқу жылына білім беру мекемелерінде 868 мұғалім жұмыс жасайды, олардың - 728 (83,9%) жоғары білімді, 140 (16,1 %) орта кәсіби білімді. Жоғары білікті 211 (24,3%), 1 санатты - 224 (25,8%), 2 санатты 180 (20,7%).

         Білім саласының бюджеті 2 млрд. 954 млн. тенгені құрайды. Жалпы білім беру қорын қаржыландыруға қарастырылған сома – 29,3 млн. тенге, қаржыландырудың жалпы соммасынан 1,1 % құрайды.

         Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 94,3% құрайды. 0 жастан 7 жасқа дейінгі кезек – 627 бала.

                2018-2019 жылға 44248 дана оқулықтарды, оқыту-әдістемелік жинақтамаларын сатып алуға аудан бюджетінен жалпы сомасы 54,3 млн. тенге бөлінді.                                   

2017-2018 жылға ауданның 10 мектептеріне 19 елді мекенінен 185 оқушыны жеткізу ұйымдастырылды. Күнделікті - 131 балаға, жеті сайынғы - 54 балаға жеткізу қарастырылған.

         Ғимараттың апатты жағдайы танылуына байланысты,"Аманқарағай ауылында мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін 320 орындық орта мектеп салу бойынша" 1 млрд. 171,4 млн. теңгелік жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. 28 ақпанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, құрылыс басқармасының мекен-жайына бюджеттік өтінім жолданды. Мектеп құрылысына 2019-2020 жылдардың бюджетінде қаражат қарастырылған (2019 ж.-200 млн. теңге, 2020 ж-200 млн. теңге).


Денсаулық сақтау

         Аудан аумағында 2 стационарлық кәсіпорын жұмыс жасауда (1 ОАА, 1 АА) және 32 амбулаторлық-емханалық кәсіпорын мен АМПП объектілері (4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 23 медициналық пункт). Әулиекөл ОАО керует саны 130 орынды құрайды, Кұшмұрын кенттік ауруханасында 13 керует-орын.

         Дәрігерлердің орташа айлық еңбек ақысы 214 мың 270 тенгені, орта медициналық қызметкерлердің 121 мың 984 тенгені, кіші медициналық қызметкерлердің 52 мың 934тенгені құрайды.

         Ауданда 66 дәрігер жұмыс жасайды, олардың - 3 жоғары саннатты, І санатты-15, II санатты-5. Ауданды дәрігерлермен толықтыру 88% құрайды, орта медициналық қызметкерлермен 100%.

         Ауданда 2018 жылдың 9 айында 6 жағдай сәби өлім-жітімі жіберілген. Туберкулезбен аурудың 12 жағдайы анықталды .  

Мәдениет

         Ауданда 38 (35-мемлекеттік) мәдениет объектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: 29 кітапхана (29 – мемлекеттік), 9 клуб мекемелері (6 – мемлекеттік, 3 – ЖШС). Жергілікті тарих және мәдениет маңызы бар ескерткіштері 60, оның ішінде 36 нысан алдын-ала есепке алынған, яғни тарихи-мәдени құндылықтар мен ескерткіш мәртебесі жоқ, 24 объект мемлекеттің қорғауында.

         Мәдениет нысандарын ұстауға 2018 жылы аудан бюджетінен 146,8млн. теңге бөлінді.

         27 наурызда облыс орталығында «Асқақ әнім, Астана!» облыстық халықтық шығармашылығы қорытындыланды, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған, оның қорытындысы бойынша аудан 2 орынды иеленіп, сыйақыға-1 млн. теңге алды.

Қаржылық көрсеткіштер.

         2018 жылдың 1қазанына салықтар мен төлемдер жоспарланған 1075,2 млн. теңгенің 1257,4 млн теңгесі жиналды, немесе 116,9 пайыз, соның ішінде аудандық бюджетке жоспарланған 689,3 млн теңгенің жиналғаны 788,7 млн теңге немесе 114,4 пайыз (+99,4 млн.тенге).

         Аудан бюджетінде 2018 жылға 4 бюджет деңгейіне көшкен 5 ауылдық округ үшін көлемі 46,5 млн. теңге субвенциялар қарастырылған, қалған 10 округке - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомасы 12,9 млн. теңге. Осы трансферт қаражаттары аббаттандыруға, тазалыққа және балаларды тасымалдауға жұмсау жоспарланған. Ауылдық округ әкімдерімен БШҚ қаражатынан 281,6 млн. тенге сомма, соның ішінде ҚБШ МСУ 10,8 млн.теңге жұмсалған.

         Ауылдық округ әкімдерінің бақылау шотындағы қаражат соммасы 2018 жылдың 1қазанына 30,9 млн. тенгені құрайды, соның ішінде ҚБШ МСУ 3,1 млн.теңге.

Еңбек ақы төлемі

         Аудан бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 2018 жылы қаңтар-наурыз айларында 100 мың 740 теңге (2017 ж. – 81 мың 903 теңге), облыстық орташа жалақыдан төмен 14 мың 96 теңгеге (обылыстық орташа жалақы 114 мың 836 теңге). Өткен жылдың деңгейіне орташа айлық еңбекақының өсімі 123% құрады. Еңбекақы төлеу бойынша аудандағы мекемелер мен кәсіпорындардың берешегі жоқ.

 

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық   

        Көмірмен жылыту маусымына қажеттілік 92,4 мың тонна құрайды, соның ішінде: бюджеттік ұйымдар 7,4 мың тонна, тұрғындар 67 мың тонна, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын 18 мың тонна. Қажеттілік сұйық отынға – 478 мың литр. Барлық ұйымдармен және кәсіпорындармен отын сатып алу үшін келісім-шарт жасалды. Бүгінгі күні 83,4 мың тонна көмір әкелінді, бұлардан: 7,4 мың тонна бюджеттік ұйымдар, 67 мың тонна халыққа, 9 мың тонна мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, 259 мың литр сұйық отын.        

         Коммуналдық кәсіпорындардың отын қоймаларында 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына саны 9,9 мың тонна көмірдің отын қоры бар ("Кушмурунская ТЭК" МКК - 5,6 мың тонна көмір, "Аквазар" ЖШС - 4,3 мың тонна көмір).

         Аманқарағай ауылында су құбыры құрылысы бойынша 2 млрд. 862 млн. теңгелік жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаны іске асыруға ағымды жылы республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен 555,5 млн.теңге көзделген. Конкурстық тәртіптер өткізілген. Осы кезеңде сот талқылаулары жүріп жатыр, соттың түпкілікті шешімі шығарылғанға дейін, шарт тоқтатылды. Сот отырысы 18 қазанда. Трансферттерді ауыстыру туралы 2019 жылға өтінім жасалды. Техникалық және авторлық қадағалауға жалпы сомасы 21,5 млн. теңгеге шарт жасалды .

         Новонежин селосында су құбыры құрылысы бойынша сомасы 17,3 млн. теңгелік ЖСҚ әзірлеуге трансферттер бөлінді,оның 5 ағымды жылы. Шамамен құрылыс-монтаж жұмыстарының құны - 1 млрд. 131,2 млн. теңге. "ПИП Костанайводпроект" ЖШС сомасы 11,8 млн. теңгеге екі жылдық келісім-шарт жасалды.

Жолдар

         Аудандық бюджеттен 2018 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін ұстауға және орташа жөндеуге 87,6 млн. теңге, оның ішінде:

         23,7 млн. тенге аудандық маңызы бар жолдарға, олардың: 8,7 млн. тенге қыста ұстауға, игерілді 5,8 млн. тенге, 15 млн. тенге жазда ұстауға, игерілді 12,8 млн. теңге.

         16,5 млн. теңге елді мекендеріндегі көшелерге: Әулиекөл ауылы (10,5 млн. теңге, 2,3 млн теңге қысқы, 8,2 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Аманқарағай ауылы(3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Құсмұрын кенті (3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға). Жазғы ұстау аясында ауыл көшелерінде 1500 м2 шұңқырларды жөндеу, 300 км/пр жолдарды және жол жиектерін кескіндеу;

         Әулиекөл ауылындағы үш кентішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 120,9 млн. теңге сомасында трансферттер қарастырылған (Сұлтан Еркімбаев атындағы көше -53,9 млн. теңге, С.Баймағамбетов атындағы көше -38,5 млн. теңге, Карабалуан Батыр көшесі -28,5 млн. теңге). Мердігер «ВАН» ЖШС.

         Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Әулиекөл ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бюджеттен 38,3 млн. теңге (Қостанай көшесі -19,4 млн. теңге, Е. Асанбаев атындағы көше – 18,9 млн. теңге). Мердігер «ВАН» ЖШС.

         Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2018 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жалпы сомасы 581,8млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын орындау жоспарланған, оның ішінде:

         41,5 млн. теңгеге "Аманқарағай ауылындағы кіреберістегі 0-3 шақырым (ұзындығы 1,6 шақырым) автожолын орташа жөндеу".Жұмыс аяқталды.

         117,6 млн. теңгеге "аудандық маңызы бар KP-AU-11 "Көктал ауылына кіреберіс автомобиль жолын ағымдағы жөндеу", (0-34 шақырым)". 100 пайыз игерілді.

         422,8 млн. теңгеге" Аудандық маңызы бар KP-AU-4 " Құсмұрын бекетіне кіреберіс автомобиль жолының орташа жөндеу, (0-15 шақырым)" .

Жұмыс жалғасуда,397,8 млн.теңге игерілді.

         "Әулиекөл - Диевка - Қосағал - Ақжол" облыстық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 2018 жылы облыстық бюджеттен жалпы сомасы 500 млн. теңге бөлінді, игерілгені 374,5 млн теңге.



хат жіберу