Блог статистикасы
195
Жазбалар
4801
Өтініштер
187054
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауданының 2017 жылдың 1 мамырына әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы туралы.

Ауыл шаруашылығы

2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауылшаруашылығының жалпы өнім шығарылымы 2559,2 млн. тенгені (2016 жыл – 2331,6 млн. тенге)құрады.

Мал шаруашылығының нақты көлем индексі – 102,9% (2016 жыл – 100,1%).

2017 жылдың 1 мамырына шаққанда мал басы саны: ІММ– 40632 басты құрайды немесе 101,9% былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қой мен ешкі – 41168 немесе 105,4%, шошқа – 7368 немесе 103,4%, жылқы – 9703 немесе 103,9%,құстар - 156195 немесе 100,4%.

Ұсынылған жоспарға сәйкес, 2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша - 55 бас ІММ сатып алу керек, 30 бас аналық ІММ «Шоланов С» ШҚ сатып алынды, жоспар 54,5%. Аналық ІММ 60 басты сатып алуға қарыз алу үшін, құжаттарды қарастыру «Нурай» ЖК АКК ұсынылды.

Ағымды жылы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 30 басты құрайды, осы мерзімге әлеуеттік қатысушыларды жұмылдыру жұмысы жүргізілуде.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар 40 басты құрайды, 45 бас «Кояндагаш» ШҚ сатып алынды, жоспарды асыра орындау 112,5% құрады.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша ағымды жылға жоспар берілген жоқ.

Жайылымдарды сумен қамсыздандыру бағдарламасы бойынша, 2 ұңғыма қазу жоспарланған, осы мерзімге 2 ұңғыма қазылды: «Ырыс» ЖШС- 1 және «Аулие-Би» ЖШС - 1 ұңғыма, ұңғымаларды қаражаттандыруға ұсыну үшін, құқығы белгіленген құжатарды дайындау жүргізілуде .

Жер қатынастары

Әулиекөл аумағы – 11,1 мың гектарды құрайды, оның ішінде:

- ауыл шаруашылығына арналған жер –747,2 мың гектар

соның ішінде:

- егістік - 368,7 мың гектар

- шабылымдар - 8,5 мың гектар

- жайылымдар 353,3 мың гектар

Аудан аумағында ауылшаруашылығы өнімлерін шығарумен айналысатын 21 ЖШС, 224 шаруа қожалығы бар.

2017 жылы тікелей мақсатта пайданылмаған ауыл шаруашылығына арналған жерлердің мемлекеттік жекеменшігіне, тараптардың келісімімен жайға алу шарттарын бұзу жолдарымен жалпы көлемі - 1107,4 гектар 10-жер телімі қайтарылды ,соның ішінде – 120,0 гектар, жайылымдар – 924,1 гектар, жолдар - 3,1 гектар, басқалары – 60,2 гектар.

Ветеринария

Әулиекөл аумағында 2 мал бордақылау алаңы бар («Аз-Хазар»ЖШС, «Сулуколь» ЖШС) және 4 бордақылау алаңқайы («Москалевское» ЖШС, «Тимофеевка-Агро» ЖШС, «Диевская АГФ» ЖШС, «Серикова»ЖК).

2017 жылы эпизоотикалық шараларды өткізу үшін 55 млн. 355 мың тенге бөлінді,бірінші тоқсанда 16 млн.190 мың тенге жұмсалды. Малдардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс-шараларға 1 млн. 403 мың тенге бөлінді,ауру малдардың санитарлық бордақылауын ұйымдастыруға 2 млн. 840 мың тенге,

инсинераторларды қолдану арқылы табиғи қалдықтарды пайдаға асыруға 3 млн. 213 мың тенге, сібір жарасын көму ошақтарын қоршауды жайғастыруға 6 млн. 433 мың теңге, 1 млн. 686 мың тенге игерілді.

Сәйкестендіруге жылдың басынан: ІММ-4273 бас жоспарланғаны 14000 бас (30,5%), ҰММ-5950 бас жоспарланғаны 10000 бас (59,5%), жылқы -86 бас жоспарланғаны 1350 бас (6,4%), шошқа 1294 бас жоспарланғаны 4000 бас (32%).

ІММ бруцеллезге серологиялық зерттеу 18517 бас (32%) өткізілді (РБС, ҚҚР, АР, ИАТ) жылдық жоспарланғаны 51919 бас, сиыр-9727 бас, жылдық жоспарланғаны 24272 бас, тұқымды бұқалар -587 бас, жылдық жоспарланғаны 1617бас, ересек мал басы - 8157 бас, жоспарланғаны 14732 бас, жас мал ИАТ 4-6 айлық -46 бас, жоспарланғаны 11298 бас. ІММ бруцеллезге қарсы тұра алатындары – 152 бас. Олардың бордақылауға тапсырылғаны – 93 бас, қалғаны – 59 бас.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 1 млн. тенге бөлінді, 559 бас қаңғыбас иттер аулау өткізілді.

Өнеркәсіп

2017 жылдың 1 мамырына аудан кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1253,3 млн. тенге (2016 ж – 834,8 млн. тенге) немесе 150,1% былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда. Нақтылы көлем индексі – 122,3% (2016 ж – 101,2%).

Кәсіпкершілік

Ауданда 1691 бірлік шағын кәсіпкершілік субъектісі тіркелген, оның 1076 бірлігі жұмыс жасауда.

Бизнесті қолдау және дамыту біріңғай бағдарламасы аясында 2010 жылдан ауданда «Жол картасы бизнесі» бағдарламасы бойынша 17 жоба жүзеге асырылды (67 жаңа жұмыс орны құрылды).

2017жылға «Даму-Блиц» бағдарламасы бойынша үш әлеуетті қатысушының жобасы жалпы соммасы 70 млн. тенгеге жоспарланды, олардың: жол бойындағы сервисті дамытуға «Ахметова К.О.» ЖК 30 млн. тенге, «Муканова С.А.»ЖК 20 млн. тенге «Балалардың көңілін көтеру сервисін» ашуға және Чернигов ауылындағы Сапаев У.А. шиыршықталған жем шығаруға 20 млн.тенге.

«Жол карта Бизнесі 2020» бағдарламасы аясында Әулиекөл ауылындағы «Раимкулов К.К.» ЖК жол бойындағы кафе құрылысының жобасын дайындауға 30 млн.тенге.

Шағын несиелендіру бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арқылы "Микроқаржы ұйымы "Атамекен-Қостанай" ЖШС, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 4% пайыздық мөлшерлемемен, жыл басынан бері жалпы сомасы 12,4 млн. теңгелік 5 жоба қаржыландырылды. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту басталды, қорытындылары негізінде 70 адамнан тестілеу тобы құрылды.

Инвестициялық қызмет

2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға инвестиция көлемі 432 млн. тенге (2016 ж.- 400 млн. тенге) құрады.

Инвестицияның нақты индекс көлемі– 103,7% (2016 ж.–140,8 р). Инвестиция көлемі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 32 млн. тенгеге өсті. Инвестицияға жұмсалым кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен жүргізілді.

Құрылыс

Тұрғын үй құрылысы саласында жылдық жоспар 2100 ш. м. пайдалануға беріліп, халық қаражаты есебінен 1021 шаршы метр тұрғын үй немесе 102,4 пайызды құрады.

Төрт ай қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі – 81 млн. теңгені құрады, НКИ – 2,4 р.

2017 жылы екі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған Көктал ауылында 60 орындық "Орта мектептің құрылысы" 310 млн. теңге, оның ішінде бірінші жарты жылдықта 131 млн. теңге игеріледі және Аманқарағай ауылында "Су құбырының құрылысы" ЖСҚ әзірлеуге 29,5 млн. теңге, екінші жартыжылдықта игеру көзделген .

Әлеуметтік сала

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы іс-шараларды іске асыруға 2017 жылға бюджеттен 81,9 млн. теңге бөлінді. Бірінші бағыт бойынша, жеткізілген жоспарға сәйкес қысқа мерзімді курстарда 41,5 млн. теңгеге 129 адам үйрету қажет. Бүгінгі күнге оқуға 129 адам кірісті.

Екінші бағыт бойынша, «Кәсіпкершілік бастаманы ынталандыру» бағдарламасы аясында жалпы соммасы 158,2 млн. тенгеге шағын несие беру 49 адамға қарастырылған.Осы мерзімге 248,0 млн. тенгеге 89 адам несие алуға ынталы, 138,0 млн. тенгеге 48 үміткердің құжаттары алғашқы қарауға қорға тапсырылды. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 249 адам оқытуға жоспарланған, 5 сәуірден 70 адам оқуға кірісті.

Үшінші бағыт бойынша, жастар тәжірбиесіне жалпы соммасы 5,5 млн. тенгеге 16 адамды жіберу жоспарланған, оның 305,8 мың тенгесі игерілді. 7 адам 3 сәуірден оқуға жіберілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жалпы соммасы 6 млн. тенгеге 20 адам қарастырылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 ақпаннан 23 адам жұмысқа орналастырылды, 13 келісім шарт рәсімделді, 437 мың теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстарға жалпы соммасы 20,8 млн. тенгеге 150 адам жоспарланған. Жылдың басынан 71 адам жіберілді, 1,5 млн. тенге игерілді.

Білім беру

Ауданда білім берудің 44 объектісі жұмыс жасайды, соның ішінде мектеп-35 (18 орта, 8 негізгі, 7 бастауыш, 2 кешкі мектеп), 7 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 2 мектептен тыс мекеме. 3 мектепте интернат жұмыс жасайды. Оқушылар құрамы 5307 бала. 2016-2017 оқу жылының басына білім беру мекемелерінде 771 мұғалім жұмыс жасайды, олардың - 663 (86%)жоғары білімді, - 108 (14%) орта кәсіби білімді. Жоғары білікті 140 (18,1%), 1 санатты - 190 (24,6%), 2 санатты 199 (25,8%).

Білім саласының бюджеті 2 млрд. 778 млн. тенгені құрайды. Жалпы білім беру қорын қаржыландыруға қарастырылған сома – 33,6 млн. тенге, қаржыландырудың жалпы соммасынан 1,5% құрайды, игерілгені 5,4 млн. тенге.

Балаларды мектепке дейәнгә біліммен қамту 93,4% құрайды. 0 жастан 7 жасқа дейінгі кезек – 708 бала.

Бюджеттік қаражаттың бос қалдығы есебінен Әулиекөл бастауыш мектебіндегі интернаттың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге құжаттарды дайындауға жалпы соммасы 11,9 млн. тенге қарастырылған. «Енбек» РМК шарт жасалды, ЖСҚ дайындалды, құжаттар мемлекеттік сараптауға жинақталуда.

Ауданның 10 мектебінде бақылау камераларын орантуға облыстық бюджеттен жалпы соммасы 11,8 млн. тенге трансферт бөлінді, 2017 жылдың 4 мамырында конкурс жарияланды, өтінімдерді ашу жүргізілді. 2017 жылдың 10 мамырында өтінімдерді қарастыру барысында ескертулер анықталды және кемшіліктерді жою үшін қайта қарауға жіберілді.Камераларды орнату мерзімі 1 маусымға дейін.

Оқулықтарды, оқыту-әдістемелік жинақтамаларын сатып алуға және тасымалдауға аудан бюджетінен жалпы сомасы 59,2 млн. тенге қарастырылған, олардың 280 мың тенгесі тасымалдауға.

Облыстық бюджет трансферті есебінен жалпы соммасы 310 млн. тенге Коктал ауылында 60 орындық мектеп салуға қарастырылған. Конкурс қортындысы 2017 жылдың 10 мамырында жүргізілді, конкурс жеңімпазы «АмегаСтрой» ЖШС , жеткізушіге келісілуге шарт жолданды, мамыр айында құрылыс-құрамалау жұмыстары басталды.

8 ауылдық округтің 16 елді мекенінің 210 оқушысына мектепке дейін және кері апару ұйымдастырылған (күнделікті апару -150 бала, жетісайынғы апару-65 бала). Балаларды апаруға бюджет шығыны 2017 жылы 17,8 млн. тенгені құрады.

Денсаулық сақтау

Аудан аумағында 2 стационарлық кәсіпорын жұмыс жасауда (1 ОАА, 1 АА) және 32 амбулаторлық-емханалық кәсіпорын мен АМПП объектілері (4 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 22 медициналық пункт ). Әулиекөл ОАО керует саны 130-орынды құрайды, Кұшмұрын кенттік ауруханасында – 13 керует-орын.

2017 жылы дәрігерлердің орташа айлық еңбек ақысы 198 мың 135 тенгені құрайды, орта медициналық қызметкерлердің 111 мың 157 тенге,кіші медициналық қызметкерлердің 58 мың 302 тенге.

Ауданда 60 дәрігер жұмыс жасайды, олардың -4 жоғары саннатты, І санатты-14, II санатты-2. Ауданды дәрігерлермен толықтыру 95% құрайды, орта медициналық қызметкерлермен 100%.

Ауданда 2017 жылдың 1 мамырына 3 жағдай сәби өлім-жітімі жіберілген, 2016 жылы 2 жағдай.

2017 жылдың 4 айында туберкулезбен аурудың 8 жағдайы анықталды, 2016 жылы 9 жағдай анықталған .

Мәдениет

Ауданда 38 (35-мемлекеттік) мәдениет объектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: 29 кітапхана (29 – мемлекеттік), 9 клуб мекемелері (6 – мемлекеттік, 3 – ЖШС). жергілікті тарих және мәдениет маңызы бар ескерткіштері 59, оның ішінде 35 нысан алдын-ала есепке алынған, яғни тарихи-мәдени құндылықтар мен ескерткіш мәртебесі жоқ.

Мәдениет нысандарын ұстауға 2017 жылы аудан бюджетінен 130 млн. 288 мың теңге бөлінді. Бейне бақылау камераларын орнатуға облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 800 мың теңге, 12 бейнебақылау камералары Әулиекөл және Куұшмұрын мәдениет үйлерінде орнатылған.

Ауданның археологиялық ескерткіштерін тексеруге 1 млн. 300 мың теңге жоспарланған, келісім-шарт мамыр айында жасалады.

Қаржылық көрсеткіштер.

2017 жылдың 1 мамырына шаққанда жоспарланған 509,3 млн. тенгенің салықтар мен төлемдерден жиналғаны 606,2 млн. тенге, 119% құрайды,соның ішінде аудан бюджеті жоспарланған 288,5 млн. тенгенің жиналғаны 330,6 млн. тенге немесе 115 %.

2017 жылы 3 - объекті сату жоспарланған: Черниговка және Сұлукөл мәдениет үйлерінің ғимараты, Бірлік мектебі мен 4 бірлік автокөлік құралдары.

Аудан бюджетінде 2017 жылы жергілікті өзін – өзі басқару органдарына трансферттер 61 млн. тенге соммада қарастырылған, әкімдермен жиналатын салықтың 59,3% құрайды және 2016 жылдың деңгейінен 3 есе артық (2016 ж.-19,9 млн. тенге). Осы трансферт қаражаттарын аббаттандыруға,тазалыққа, елді мекендерді жарықтандыруға, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарына және балаларды тасымалдауға жұмсау жоспарланған.Ауылдық округ әкімдерімен БШҚ қаражатынан 17 млн. тенге сомма жұмсалған.

Ауылдық округ әкімдерінің бақылау шотындағы қаражат соммасы 2017 жылдың 1 мамырына 46251,1 мың. тенгені құрайды, соның ішінде:

"Қазанбасы ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ - 291,6 мың тенге;

"Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты"ММ – 24434,3 мың тенге

"Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 10119,8 мың тенге;

"Чернигов ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 1313,3 мың тенге;

" Құсмұрын кенті әкімінің аппараты"ММ – 5167,7 мың тенге;

"Қ.Тұрғымбаев атындағы ауыл әкімінің аппараты"ММ –319,2 мың тенге;

"Диев ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 933,4 мың тенге.

"Тимофеев ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 523,4 мың тенге.

"Первомай ауылы әкімінің аппараты"ММ – 374,5 мың тенге.

"Москалев ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 428,5 мың тенге.

"Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 411,9 мың тенге

"Новонежин ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 974,0 мың тенге.

"Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ – 229,3 мың тенге.

"Көктал ауылы әкімінің аппараты" ММ – 430 мың тенге

"Қосағал ауылы әкімінің аппараты" ММ – 300,2 мың тенге.

Еңбек ақы төлемі

Аудан бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 2017 жылы қаңтар-наурыз 81 мың 903 теңге (2016 ж. – 77 мың 535 теңге), облыстық орташа жалақыдан төмен 22 мың 871 теңге (обылыстық орташа жалақы 104 мың 774 теңге). Өткен жылдың деңгейіне орташа айлық еңбекақының өсімі 105,6% - ды құрады. Еңбекақы төлеу бойынша аудандағы мекемелер мен кәсіпорындардың берешегі жоқ.

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

2016-2017 жылдардың жылыту маусымы штаттық тәртіптемеде аяқталды.

Коммуналдық кәсіпорындар отын қоймаларында келесі жылыту маусымына 2017-2018 жылдарға өтпелі отын қалдығы бар ("Мерей" МКК - 10 тонна көмір, 20461 литр дизельді отыны, "Кушмурунская ТЭК" МКК - 1519 тонна көмір).

Жолдар

Аудандық бюджеттен 2017 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін ұстауға және орташа жөндеуге 80,4 млн. теңге, оның ішінде:

30 млн. тенге аудандық маңызы бар жолдарға, олардың: 14,9 млн. тенге қыста ұстауға, бірінші тоқсанда 9,3 млн. тенге игерілді; 15,1 млн. тенге жазда ұстауға (3000 м2 шұңқырларды жөндеу жоспарланған, 2048 км/жол жиектерінің ойықтарын, 512 км/пр топырақты жолдарды тегістеу, 300 м3 жабайы өсетін өсімдіктерді жұлу және кесу, 10 жаңа жол белгілерін орнату);

13,7 млн. теңге Әулиекөл, Аманқарағай, Құсмұрын елді мекендеріндегі көшелерге, оның ішінде: 7 млн. теңге қысқы жолдарды ұстауға, 6,5 млн. теңге игерілді, 6,7 млн. теңге-жазғы ұстау. Жазғы ұстауда ауыл көшелерінде 1200 м2 шұңқырлы жөндеу жоспарланып отыр, 300 км/пр жолдарды және жол жиектерін тегістеу, 15 жаңа жол белгілерін орнату;

30 млн. теңге, "Әулиекөл аулының Алтынсарин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі республикалық маңызы бар жалпы ұзындығы 1,45 шақырым автомобиль жол бөлігін орташа жөндеуге". Орындау жоспарлануда: қабатты тегістеу; жол жиегін бекіту; шұңқырлы жөндеу; 20 жаңа жол белгілерін орнату. Конкурс жарияланды, өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 27 мамыр;

Көктал ауылына кіреберіс автомобиль жолының 3 бөлігі және Құсмұрын кентіне кіреберіс 3-жол бөлігі қирап қалған. Кірме жолдар бөлігін қалпына келтіруге аудандық бюджет қаражаты есебінен 6 млн. 718 мың теңге шығыстар сомасы қарастырылған. Жөндеу жұмыстарына конкурс жарияланды.

Әзірленген техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдарының 3 подъезін орташа жөндеуге: 72 разъезге, Аманқарағай және Құшмұрын станцияларына жалпы сомасы 681,1 млн. теңгені құрады. Ақпан айында Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары Комитетінің жобалық-сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды, облыстың бюджет комиссиясының қарауына қаржыландыру бөлу туралы өтінім берілді.

Құсмұрын кентіндегі Кавкетаев көшесіндегі ,2014 жылы басталған, құны 477,4 млн.теңгелік автомобиль жолын қайта жөндеуді аяқтау үшін, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 146,4 млн. теңге қаражат бөлінді.

хат жіберу