Блог статистикасы
195
Жазбалар
4800
Өтініштер
186986
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауданының 2018 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы туралы

Ауыл шаруашылығы

2018 жылдың шілде айына ауылшаруашылығының жалпы өнім шығарылымы 5596 млн. тенгені (2017 жыл – 4940,8 млн. тенге) құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 13,2 пайызға жоғары .

Мал шаруашылығының нақты көлем индексі –106,5%(2017ж. –103,2 %) жеткізілген жоспар кезінде 106,1%.

2018 жылдың 1 шілдесіне шаққанда мал басы саны: ІММ– 44061 басты құрайды немесе 101,8% былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қой мен ешкі – 45673 немесе 103,7 %, шошқа – 8436 немесе 103,7%, жылқы – 10981 немесе 101,1 %, құстар – 156400 немесе 100,4%.

Дәнді дақылдардың жалпы алаңы 268,8 мың гектарды құрайды. Дәнді дақылдар 224,3 мың гектар жерді алып жатыр,соның ішінде бидай- 269 мың гектар. Майлы дақылдар – 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдары-38,7 мың гектар.

          Әулиекөл ауданы бойынша 2018 жылға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 166 импорттық аналық бас ІММ және 432 бас аналық ҰММ жоспар белгіленген. Импорттық аналық бас ІММ сатып алуға екі әлеуетті қарызгер бар: Сұлукөл ауылдық округі «Шоланов С» ШҚ және Новонежин ауылдық округі «Онайбаев С.Ж.» ШҚ. Осы мерзімге «Сыбаға» бағдарламасы аясында аналық ҰММ сатып алуға әлеуетті қарызгерлер жоқ. Осы бағытта түсіндәру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жайылымдарды сумен қамсыздандыру бағдарламасы бойынша «Кетебаева З» ШҚ 1 ұңғыма қазылды және 1 ұңғыма қаржыландырылды. Пайдалануға енізу актісін ұсынғаннан кейін жоспар орындалады.

Жер қатынастары

Әулиекөл ауданының аумағы – 1110,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде: - ауыл шаруашылығына арналған жер –759880 гектар соның ішінде:

- егістік – 378005 гектар

- шабылымдар – 8544 гектар

- жайылымдар 357769 гектар

Барлық елді мекен - 34. Елді мекендердің жер құрамы – 94918 гектар.

Аудан аумағында ауылшаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын 21 ЖШС, 226 шаруа қожалығы бар.

          Жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізуге 2018 жылға 850 мың теңге қарастырылған.

        2018 жылдан бастап мемлекеттік меншікке тараптардың келісімі бойынша жайға алу шарттарын бұзу арқылы тікелей ауылшаруашылық бағытта пайданылмайтын жалпы көлемі 1381,2 гектар 4 жер телімі қайтарылды, соның ішінде егістік 476 га, жайылым 888 га, жол аралық-3,7га,басқалары -13,5га.

Ветеринария

Әулиекөл аумағында 2 мал бордақылау алаңы бар («Аз-Хазар»ЖШС, «Сулуколь» ЖШС) және 4 бордақылау алаңқайы («Москалевское» ЖШС, «Тимофеевка-Агро» ЖШС, «Диевская АГФ» ЖШС, «Серикова»ЖК).

2018 жылы эпизоотикалық шараларды өткізу үшін 56,7 млн. тенге бөлінді. Малдардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс-шараларға 7 млн. тенге, ауру малдардың санитарлық бордақылауын ұйымдастыруға 2,6 млн. тенге, инсинераторларды қолдану арқылы табиғи қалдықтарды пайдаға асыруға 3,1 млн.тенге, оның 1,9 млн. теңгесі игерілді.

        Сәйкестендіруге жылдың басынан: ІММ- 5185 бас жоспарланғаны 12000 бас (43,2%), ҰММ-5235 бас жоспарланғаны 12000 бас (43,6%), жылқы - 213 бас жоспарланғаны 1360 бас (16%), шошқа 925 бас жоспарланғаны 4010 бас (23,1%).

ІММ бруцеллезге серологиялық зерттеу 21057 бас (42%) өткізілді (РБС, ҚҚР, АР, ИАТ) жылдық жоспарланғаны 50318 бас, сиыр - 11113 бас, жылдық жоспарланғаны 24801 бас, тұқымды бұқалар - 576 бас, жылдық жоспарланғаны 1878 бас, ересек мал басы - 8985 бас, жоспарланғаны 14532 бас, жас мал ИАТ 4-6 айлық - 383 бас, жоспарланғаны 9107 бас.

ІММ бруцеллезге қарсы тұра алатындары – 252 бас. Олардың бордақылауға тапсырылғаны – 251 бас, қалғаны – 1 бас.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 1 млн. тенге бөлінді, 964,8 мың теңге игерілді, 603 бас қаңғыбас иттерді аулау өткізілді.

Өнеркәсіп

2018 жылдың шілде айына аудан кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2311,2 млн. теңге (2017 ж – 2058 млн. тенге) немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 112,3 пайызды құрады. Нақты көлем индексі 111,1% (2017 ж. – 106 %), кезінде жеткізілген жоспар 100%.

Кәсіпкершілік

Ауданда 1663 бірлік шағын кәсіпкершілік субъектісі тіркелген, оның 1302 ( 79 пайыз) бірлігі жұмыс жасауда.

2018 жылдың қаңтар айында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде кредит бойынша сыйақы бөлігінің мөлшерлемесін субсидиялауға 1 жоба іске асырылды, "АМАН"ШҚ 57 млн. теңге сомаға (шабылғысымен комбайн сатып алуға).

Инвестициялық қызмет

2018 жылдың қаңтар - маусымна негізгі капиталға инвестиция көлемі 2622 млн. тенге (2017 ж.- 940млн. тенге ) құрады.

Инвестицияның нақты индекс көлемі 2,6 есеге өсті, жоспар бойынша 118,7 % (2017ж.–107,1%) құрады. инвестиция көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1682 млн. теңгеге өсті.

Инвестицияның өсуі ауданда "магистральдық құбыр салу" ірі инвестициялық жобасының жүзеге асырылуына байланысты. ЖШС "Қазтрансгазаймақ" кәсіпорынымен 1444 млн. теңге салынды, салымдардың жалпы көлемінен 55,1 пайызды құрайды. Бұл инвестициялар қарызға алынған болып табылады. Қазақстан Теміржолы Компаниясымен жабдықтарды жөндеуге 222,4 млн. теңге салынды. Инвестициялар жеке тұрғын үй құрылысы үшін 73,8 млн. теңге, ауданның кәсіпорындарынан 202,3млн. теңге құрады.

Құрылыс

Тұрғын үй құрылысы саласында жылдық жоспарланған 2110 ш.м. тұрғындардың қаражаты есебінен пайдалануңа берілгені 1677 шаршы метр тұрғын үй, былтырғы жылдың осы мерзіміне 110,3 пайызды және жылдық жоспардың 79,4 пайызын құрайды. Жеткізілген жоспар 8,3%-ға орындалды.

Жарты жылдың қортындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд.142 млн.тенгеге орындалды, бұл 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1 млрд. 789 млн. теңгеге артық. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 5,7 өсті, 1 жартыжылдыққа жеткізілген жоспар 99%. Құрылыс жұмыстарының көлеміне: «ИНСПЭК» ЖШС жалпы соммасы 20 млн.тенгелік астық қоймасының құрылысы мен «Костанайангарстрой» ЖШС Коктал ауылында,тапсырыс беруші Оспанов шаруа қожалығы, жалпы соммасы 37 млн.тенгелік астық тазалау құрылғысының мердігерлік жұмыстары енді. Бұдан басқа жалпы соммасы 869 млн теңгелік магистральдық құбыр жүйелерін салу көлемі енгізілген.

Әлеуметтік сала

         "Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы іс-шараларды іске асыруға 2018 жылға республикалық бюджеттен 61,5 млн. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша, қысқа мерзімді курстарда 29,8 млн. теңгеге 116 адамды оқыту жоспарланған, игерілген сомасы 16,3 млн. теңге. Ағымды жылдың 116 адам оқуға жіберілді немесе 100 пайыз, 89 адам оқуын аяқтады, оның 50 тұрақты жұмыспен қамтылды (56%) .

"Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру" бағдарламасының екінші бағыты аясында жалпы соммасы 122 млн. тенгеге шағын несие беру 48 адамға жоспарланған. 2018 жылдың 1 маусымына 14 қарызгерге 43 млн. тенгеге несие берілді.

«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша ағымды жылы 150 адамды оқыту жоспарланған, 80 адам оқуға жіберілді.

Үшінші бағыт бойынша, жастар тәжірбиесіне жалпы соммасы 6,1 млн. тенгеге 17 адам оқуға жіберу жоспарланған. 1 шілдесіне 16 адам окуға жіберілді, игерілген сомасы 2,6 млн. теңге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жалпы соммасы 6,7 млн.теңгеге 20 адам орналастыру қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 34 адам жұмыспен қамтылды, 3,1млн. теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстарға жалпы соммасы 22,2 млн.тенгеге 150 адам жіберу жоспарланған. Қаңтар айынан бастап 128 адам жіберілді, игерілгені 10,1 мың теңге.

Үшінші бағыт аясында "Еңбек ресурстарының ұтқырлығы" бағдарламасымен оңтүстік аймақтардан 15 отбасы қоныс аударушыларды көшіру жоспарланды. Бүгінгі күнге 7 отбасы (Тимофеевка-1, Первомай-1, Ушкарасу-1, Калинин-2, Черниговка-2) ауылдарына қоныс аударды.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен жыл басынан бері 948 адам қамтылды, бұл жыл жоспарының 60 құрайды (1580 адам), оның ішінде 521 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Білім беру

                Ауданда білім берудің 44 объектісі жұмыс жасайды,соның ішінде мектеп - 35 (18 орта, 8 негізгі, 7 бастауыш, 2 кешкі мектеп),7 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 2 мектептен тыс мекеме. 3 мектепте интернат жұмыс жасайды, онда 62 бала тұрады: Әулиекөл бастауыш мектебінде (43 бала),Тимофеев ОМ(8 бала), Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ОМ (11 бала). Оқушылар құрамы 5294 бала. 2017-2018 оқу жылына білім беру мекемелерінде 895 мұғалім жұмыс жасайды, олардың - 744 (83,1%) жоғары білімді, 141 (16 %) орта кәсіби білімді. Жоғары білікті 219 (24,5%), 1 санатты - 277 (30,9%), 2 санатты 197 (22%).

         Білім саласының бюджеті 2 млрд. 884 млн. тенгені құрайды. Жалпы білім беру қорын қаржыландыруға қарастырылған сома – 29,3 млн. тенге, қаржыландырудың жалпы соммасынан 1,1 % құрайды.

         Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 94,2% құрайды. 0 жастан 7 жасқа дейінгі кезек – 703 бала.

                2018-2019 жылға 44664 дана оқулықтарды, оқыту-әдістемелік жинақтамаларын сатып алуға аудан бюджетінен жалпы сомасы 52,9 млн. тенге бөлінді.                                   

            Аудан мектептеріне жеткізуге 201 оқушы қамтылған. Ауданның 9 мектебіне 18 елді мекенінен жеткізу ұйымдастырылады. Күнделікті - 142 балаға, жеті сайынғы - 59 балаға жеткізу қарастырылған.

         Ғимараттың апатты жағдайы танылуына байланысты,"Аманқарағай ауылында мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін 320 орындық орта мектеп салу бойынша" 1 млрд. 171,4 млн. теңгелік жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. 28 ақпанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, құрылыс басқармасының мекен-жайына бюджеттік өтінім жолданды. Мектеп құрылысына 2019-2020 жылдардың бюджетінде қаражат қарастырылған (2019 ж.-200 млн. теңге, 2020 ж-200 млн. теңге).


Денсаулық сақтау

         Аудан аумағында 2 стационарлық кәсіпорын жұмыс жасауда (1 ОАА, 1 АА) және 32 амбулаторлық-емханалық кәсіпорын мен АМПП объектілері (4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 23 медициналық пункт). Әулиекөл ОАО керует саны 130 орынды құрайды, Кұшмұрын кенттік ауруханасында 13 керует-орын.

         Дәрігерлердің орташа айлық еңбек ақысы 214 мың 270 тенгені, орта медициналық қызметкерлердің 121 мың 984 тенгені, кіші медициналық қызметкерлердің 52 мың 934тенгені құрайды.

         Ауданда 68 дәрігер жұмыс жасайды, олардың - 4 жоғары саннатты, І санатты-14, II санатты-2. Ауданды дәрігерлермен толықтыру 95% құрайды, орта медициналық қызметкерлермен 100%.

         Ауданда 2018 жылдың 6 айында 5 жағдай сәби өлім-жітімі жіберілген. Туберкулезбен аурудың 7 жағдайы анықталды .  

Мәдениет

         Ауданда 38 (35-мемлекеттік) мәдениет объектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: 29 кітапхана (29 – мемлекеттік), 9 клуб мекемелері (6 – мемлекеттік, 3 – ЖШС). Жергілікті тарих және мәдениет маңызы бар ескерткіштері 60, оның ішінде 36 нысан алдын-ала есепке алынған, яғни тарихи-мәдени құндылықтар мен ескерткіш мәртебесі жоқ, 24 объект мемлекеттің қорғауында.

         Мәдениет нысандарын ұстауға 2018 жылы аудан бюджетінен 146,8млн. теңге бөлінді.

         27 наурызда облыс орталығында «Асқақ әнім, Астана!» облыстық халықтық шығармашылығы қорытындыланды, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған, оның қорытындысы бойынша аудан 2 орынды иеленіп, сыйақыға-1 млн. теңге алды.

Қаржылық көрсеткіштер.

         2018 жылдың 1 шілдесіне салықтар мен төлемдер жоспарланған 748,8 млн. теңгенің 830,4 млн теңгесі жиналды, немесе 110,9 пайыз, соның ішінде аудандық бюджетке жоспарланған 459,2 млн теңгенің жиналғаны 520,3 млн теңге немесе 113,3 пайыз(+61,2 млн.тенге).

         Аудан бюджетінде 2018 жылға 4 бюджет деңгейіне көшкен 5 ауылдық округ үшін көлемі 46,5 млн. теңге субвенциялар қарастырылған, қалған 10 округке - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомасы 12,9 млн. теңге. Осы трансферт қаражаттары аббаттандыруға, тазалыққа және балаларды тасымалдауға жұмсау жоспарланған. Ауылдық округ әкімдерімен БШҚ қаражатынан 72,3 млн. тенге сомма, соның ішінде ҚБШ МСУ 9,2 млн.теңге жұмсалған.

         Ауылдық округ әкімдерінің бақылау шотындағы қаражат соммасы 2018 жылдың 1шілдесіне 34,1 млн. тенгені құрайды, соның ішінде ҚБШ МСУ 4,6 млн.теңге.

Еңбек ақы төлемі

         Аудан бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 2018 жылы қаңтар-наурыз айларында 100 мың 740 теңге (2017 ж. – 81 мың 903 теңге), облыстық орташа жалақыдан төмен 14 мың 96 теңгеге (обылыстық орташа жалақы 114 мың 836 теңге). Өткен жылдың деңгейіне орташа айлық еңбекақының өсімі 123% құрады. Еңбекақы төлеу бойынша аудандағы мекемелер мен кәсіпорындардың берешегі жоқ.

 

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

         Бүгінгі күні көмір алуға 5 келісім-шарт жасалған. (Білім бөлімі – 5 мың тонна, "Кушмурунская ТЭК" МКК - 10 мың тонна, аудандық орталық ауруханасы – 450 тонна, аудандық мәдениет үйі – 190 тонна, 2 ауылдық әкімдік (Әулиекөл, Құсмұрын) – 101 тонна). Алынды және шығарылды– 2453 тонна көмір, жалпы қажеттіліктердін -33% құрайды.

         Аманқарағай ауылында су құбыры құрылысы бойынша 2 млрд. 862 млн. теңгелік жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаны іске асыруға ағымды жылы республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттер есебінен 553,8 млн.теңге көзделген. Конкурстық тәртіптер өткізілген және «Казахстанский завод трубной изоляций»ЖШС жеңімпаз болып табылды,осы кезеңге 5 жұмыс мерзімінде конкурс нәтижиесі туралы шағым үдерісі жүргізілуде.Шағым болмаған жағдайда жеңімпазбен шарт жасалатын болады.

          3 сәуірде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, сомасы 17,3 млн. теңгелік Новонежин селосында су құбыры құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге инвестициялық ұсыныс жіберілді. Шамамен құрылыс-монтаж жұмыстарының құны - 1 млрд. 131,2 млн. теңге. Облыс мәслихатының 11 шілдедегі сессиясында ЖСҚ құжаттарын әзірлеуге 5 млн.теңге тарнсфперт бөлінді.

Жолдар

         Аудандық бюджеттен 2018 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін ұстауға және орташа жөндеуге 87,6 млн. теңге, оның ішінде:

         31,3 млн. тенге аудандық маңызы бар жолдарға, олардың: 8,7 млн. тенге қыста ұстауға, игерілді 2,4 млн. тенге, 15 млн. тенге жазда ұстауға, игерілді 10,5 млн. теңге. Құбырларды көктемгі тазарту жұмысы орындалды, 3000м2 шұңқырларды жөндеу жоспарланған, 512 км/пр топырақты жолдарды тегістеу, 300 м3 жабайы өсетін өсімдіктерді жұлу және шабу, 2048 км/жол жиектерінің ойықтарын шабу және 10 жол белгісін орнату.

         16,5 млн. теңге елді мекендеріндегі көшелерге: Әулиекөл ауылы (10,5 млн. теңге, 2,3 млн теңге қысқы, 8,2 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Аманқарағай ауылы(3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Құсмұрын кенті (3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға). Жазғы ұстау аясында ауыл көшелерінде 1500 м2 шұңқырларды жөндеу, 300 км/пр жолдарды және жол жиектерін кескіндеу;

         Әулиекөл ауылындағы үш кентішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 120,9 млн. теңге сомасында трансферттер қарастырылған (Сұлтан Еркімбаев атындағы көше -53,9 млн. теңге, С.Баймағамбетов атындағы көше -38,5 млн. теңге, Карабалуан Батыр көшесі -28,5 млн. теңге). Конкурстық рәсімдердің жеңімпазы «ВАН» ЖШС.

         Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Әулиекөл ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бюджеттен 38,3 млн. теңге (Қостанай көшесі -19,4 млн. теңге, Е. Асанбаев атындағы көше – 18,9 млн. теңге). Конкурстық рәсімдердің жеңімпазы «ВАН» ЖШС.

         Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2018 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жалпы сомасы 583,4млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын орындау жоспарланған, оның ішінде:

         41,5 млн. теңгеге "Аманқарағай ауылындағы кіреберістегі 0-3 шақырым (ұзындығы 1,6 шақырым) автожолын орташа жөндеу", жұмыстарды мемлекеттік сатып алу әдісімен жүргізілген ашық конкурстың жеңімпазы - "ВАН"ЖШС. Үнемдеу сомасы 10,6 мың теңге.

         118,5 млн. теңгеге "аудандық маңызы бар KP-AU-11 "Көктал ауылына кіреберіс автомобиль жолын ағымдағы жөндеу", (0-34 шақырым)" жұмыстарды мемлекеттік сатып алу ашық конкурс тәсілімен жүргізіледі. Конкурстық рәсімдердің жеңімпазы «ВАН» ЖШС, 90,1 млн.теңге игерілді.   

        423,4 млн. теңгеге" Аудандық маңызы бар KP-AU-4 " Құсмұрын бекетіне кіреберіс автомобиль жолының орташа жөндеу, (0-15 шақырым)" .

Конкурстық рәсімдердің жеңімпазы «ВАН» ЖШС,50,8 млн.теңге игерілді.                 

         "Әулиекөл - Диевка - Қосағал - Ақжол" облыстық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 2018 жылы облыстық бюджеттен жалпы сомасы 500 млн. теңге бөлінді, игерілгені 66,1 млн теңге,мердігер «ВАН» ЖШС.


хат жіберу