Блог статистикасы
195
Жазбалар
4888
Өтініштер
190668
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауданының 2018 жылдың 1 сәуіріне әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы туралы

Ауыл шаруашылығы

2018 жылдың наурыз айында ауылшаруашылығының жалпы өнім шығарылымы 1834,7 млн. тенгені (2017 жыл – 1662,1 млн. тенге) құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 10,4 пайызға жоғары .

Мал шаруашылығының нақты көлем индексі – 104% (2017ж. – 100,6%), кезінде жеткізілген жоспар 104,8%.

2018 жылдың 1сәуіріне шаққанда мал басы саны: ІММ– 40727 басты құрайды немесе 102,9% былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, қой мен ешкі –41761 немесе 104%, шошқа – 7065 немесе 104,4%, жылқы – 9448 немесе 100,6 %, құстар – 156966 немесе 100,4%.

Жер қатынастары

Әулиекөл ауданының аумағы – 1110,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде: - ауыл шаруашылығына арналған жер –759880 гектар соның ішінде:

- егістік – 378005 гектар

- шабылымдар – 8544 гектар

- жайылымдар 357769 гектар

Барлық елді мекен - 34. Елді мекендердің жер құрамы – 94918 гектар.

Аудан аумағында ауылшаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын 21 ЖШС, 226 шаруа қожалығы бар.

          Жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурсты өткізуге 2018 жылға 850 мың теңге қарастырылған.

Ветеринария

Әулиекөл аумағында 2 мал бордақылау алаңы бар («Аз-Хазар»ЖШС, «Сулуколь» ЖШС) және 4 бордақылау алаңқайы («Москалевское» ЖШС, «Тимофеевка-Агро» ЖШС, «Диевская АГФ» ЖШС, «Серикова»ЖК).

2018 жылы эпизоотикалық шараларды өткізу үшін 56,7 млн. тенге бөлінді. Малдардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс-шараларға 7 млн. тенге, қаңғыбас иттерді аулауға 1 млн.теңге, ауру малдардың санитарлық бордақылауын ұйымдастыруға 2,6 млн. тенге, инсинераторларды қолдану арқылы табиғи қалдықтарды пайдаға асыруға 3,1 млн.тенге.

        Сәйкестендіруге жылдың басынан: ІММ-669 бас жоспарланғаны 12000 бас (5,6%), ҰММ-0 бас жоспарланғаны 12000 бас (%), жылқы - 122 бас жоспарланғаны 1360 бас (%), шошқа 0 бас жоспарланғаны 4010 бас (%).

ІММ бруцеллезге серологиялық зерттеу 8251 бас (16%) өткізілді (РБС, ҚҚР, АР, ИАТ) жылдық жоспарланғаны 50318 бас, сиыр - 4341 бас, жылдық жоспарланғаны 24801 бас, тұқымды бұқалар - 356 бас, жылдық жоспарланғаны 1878 бас, ересек мал басы - 3535 бас, жоспарланғаны 14532 бас, жас мал ИАТ 4-6 айлық - 19 бас, жоспарланғаны 9107 бас. ІММ бруцеллезге қарсы тұра алатындары – 169 бас. Олардың бордақылауға тапсырылғаны – 74 бас, қалғаны – 95 бас.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 1 млн. тенге бөлінді, 272 мың теңге игерілді, 457 бас қаңғыбас иттер аулау өткізілді.

 

Өнеркәсіп

2018 жылдың наурыз айында аудан кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1090,5 млн. теңге (2017 ж – 900,9 млн. тенге) немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 121 пайызды құрады. Нақты көлем индексі 123,5% (2017 ж. – 106,9%), кезінде жеткізілген жоспар 100,1%

Кәсіпкершілік

Ауданда 1643 бірлік шағын кәсіпкершілік субъектісі тіркелген, оның 1192 (72,5 пайыз) бірлігі жұмыс жасауда.

2018 жылдың қаңтар айында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде кредит бойынша сыйақы бөлігінің мөлшерлемесін субсидиялауға 1 жоба іске асырылды, "АМАН"ШҚ 57 млн. теңге сомаға (шабылғысымен комбайн сатып алуға).

 

Инвестициялық қызмет

2018 жылдың қаңтар - наурыз айында негізгі капиталға инвестиция көлемі 1122 млн. тенге (2017 ж.- 258 млн. тенге ) құрады.

Инвестицияның нақты индекс көлемі 4,1 есеге өсті, тоқсандық жоспар бойынша 145,7% (2017ж.–195,1%) құрады.

Инвестиция көлемі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 864 млн. тенгеге өсті. Қазақстан Теміржолы компаниясымен 42,7 млн. теңге салынған инвестициялар сомасы, жабдықтарды сатып алуға және күрделі жөндеуге жұмсалады.

Инвестицияның өсуі ауданда "магистральдық газ құбырын салу" ірі инвестициялық жобасының жүзеге асырылуына байланысты. ЖШС "Қазтрансгазаймақ" кәсіпорынымен 740,5 млн. теңге салынды, салымдардың жалпы көлемі 66 пайызды құрайды. Қарызға алынған инвестициялар болып табылады. Қазақстан Теміржолы Компаниясымен жабдықтарды жөндеуге 164,2 млн. теңге салынды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 44,1 млн. теңге, ауданның кәсіпорындары 149,5 млн. теңге инвестицияларын құрайды

 

Құрылыс

Тұрғын үй құрылысы саласында жылдық жоспарланған 2110 ш.м. тұрғындардың қаражаты есебінен пайдалануңа берілгені 994 шаршы метр тұрғын үй, былтырғы жылдың осы мерзіміне 105,7 пайызды және жылдық жоспардың 47,1пайызын құрайды. 0,7%-ға 1 тоқсанның жоспары орындалды.

 

Әлеуметтік сала

         "Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы іс-шараларды іске асыруға 2018 жылға республикалық бюджеттен 61,5 млн. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша, қысқа мерзімді курстарда 29,8 млн. теңгеге 116 адамды оқыту жоспарланған. Ағымды жылдың наурыз айында 80 адам оқуға жіберілді.

"Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру" бағдарламасының екінші бағыты аясында жалпы соммасы 52 млн. тенгеге шағын несие беру 48 адамға жоспарланған.

«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша ағымды жылы 150 адамды оқыту жоспарланған.

Үшінші бағыт бойынша, жастар тәжірбиесіне жалпы соммасы 6,1 млн. тенгеге 17 адам оқуға жіберу жоспарланған, ағымды жылдың 1 сәуіріне дейін 4 адам окуға жіберілді, игерілген сомасы 241 мың. теңге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жалпы соммасы 6,8 млн.теңгеге 20 адам орналастыру қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 18 адам жұмыспен қамтылды, 682,5 мың теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстарға жалпы соммасы 20,8 млн.тенгеге 150 адам жіберу жоспарланған. Қаңтар айында 20 адам жіберілді, игерілгені 1,1 мың теңге.

"Еңбек ресурстарының ұтқырлығы" бағдарламаның үшінші бағыты аясында оңтүстік аймақтардан 15 отбасы қоныс аударушыларды көшіру жоспарланды.

Білім беру

Ауданда білім берудің 44 объектісі жұмыс жасайды,соның ішінде мектеп - 35 (18 орта, 8 негізгі, 7 бастауыш, 2 кешкі мектеп),7 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 2 мектептен тыс мекеме. 3 мектепте интернат жұмыс жасайды, онда 61 бала тұрады: Әулиекөл бастауыш мектебінде (42 бала),Тимофеев ОМ(8 бала),Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ОМ (11 бала). Оқушылар құрамы 5290 бала. 2017-2018 оқу жылына білім беру мекемелерінде 895 мұғалім жұмыс жасайды, олардың - 744 (83,1%) жоғары білімді, 141 (16 %) орта кәсіби білімді. Жоғары білікті 219 (24,5%), 1 санатты - 277 (30,9%), 2 санатты 197 (22%).

Білім саласының бюджеті 2 млрд. 709 млн. тенгені құрайды. Жалпы білім беру қорын қаржыландыруға қарастырылған сома – 29,3 млн. тенге, қаржыландырудың жалпы соммасынан 1,1 % құрайды.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 94,2% құрайды. 0 жастан 7 жасқа дейінгі кезек – 715 бала.

2018-2019 жылға 66694 дана оқулықтарды, оқыту-әдістемелік жинақтамаларын сатып алуға аудан бюджетінен жалпы сомасы 53,2 млн. тенге бөлінді, олардың ішінде жеткізу – 280 мың теңге.

Аудан мектептеріне жеткізуге 200 оқушы қамтылған. Ауданның 9 мектебіне 18 елді мекенінен жеткізу ұйымдастырылады. Күнделікті - 142 балаға, жеті сайынғы - 58 балаға жеткізу қарастырылған.

Денсаулық сақтау

         Аудан аумағында 2 стационарлық кәсіпорын жұмыс жасауда (1 ОАА, 1 АА) және 32 амбулаторлық-емханалық кәсіпорын мен АМПП объектілері (4 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 23 медициналық пункт). Әулиекөл ОАО керует саны 130 орынды құрайды, Кұшмұрын кенттік ауруханасында 13 керует-орын.

         Дәрігерлердің орташа айлық еңбек ақысы 247 мың 968 тенгені, орта медициналық қызметкерлердің 115 мың 512 тенгені, кіші медициналық қызметкерлердің 53 мың 164 тенгені құрайды.

         Ауданда 67 дәрігер жұмыс жасайды, олардың - 4 жоғары саннатты, І санатты-14, II санатты-2. Ауданды дәрігерлермен толықтыру 95% құрайды, орта медициналық қызметкерлермен 100%.

         Ауданда 2018 жылдың 3 айында 2 жағдай сәби өлім-жітімі жіберілген.

         Туберкулезбен аурудың 2 жағдайы анықталды .

Мәдениет

         Ауданда 38 (35-мемлекеттік) мәдениет объектісі жұмыс жасайды, оның ішінде: 29 кітапхана (29 – мемлекеттік), 9 клуб мекемелері (6 – мемлекеттік, 3 – ЖШС). Жергілікті тарих және мәдениет маңызы бар ескерткіштері 60, оның ішінде 36 нысан алдын-ала есепке алынған, яғни тарихи-мәдени құндылықтар мен ескерткіш мәртебесі жоқ, 24 объект мемлекеттің қорғауында.

Мәдениет нысандарын ұстауға 2018 жылы аудан бюджетінен 145,9 млн. теңге бөлінді.

27 наурызда облыс орталығында «Асқақ әнім, Астана!» облыстық халықтық шығармашылығы қорытындыланды, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған, оның қорытындысы бойынша аудан 2 орынды иеленіп, сыйақыға-1 млн. теңге алды.

        

Қаржылық көрсеткіштер.

2018 жылдың 1 сәуіріне шекті барлық салықтар мен төлемдер болжаммен 368,1 млн. теңге, түсім 374,5 млн теңге, немесе 101,7 пайыз, соның ішінде аудандық бюджетке 233,3 млн теңге болжаммен түсім 239,5 млн теңге немесе 102,7 пайыз.

Аудан бюджетінде 2018 жылға 4 бюджет деңгейіне көшкен 5 ауылдық округ үшін көлемі 46,5 млн. теңге субвенциялар қарастырылған, қалған 10 округке - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомасы 12,9 млн. теңге. Осы трансферт қаражаттарын аббаттандыруға, тазалыққа, елді мекендерді жарықтандыруға, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарына және балаларды тасымалдауға жұмсау жоспарланған. Ауылдық округ әкімдерімен БШҚ қаражатынан 37,4 млн. тенге сомма, соның ішінде ҚБШ МСУ 4,1 млн.теңге жұмсалған.

Ауылдық округ әкімдерінің бақылау шотындағы қаражат соммасы 2018 жылдың 1сәуіріне 39,6 млн. тенгені құрайды, соның ішінде ҚБШ МСУ 9,6 млн.теңге.

Еңбек ақы төлемі

Аудан бойынша бір қызметкерге орташа айлық еңбекақы 2017 жылы қаңтар-желтоқсан айларында 90 мың 607 теңге (2016 ж. – 81 мың 601теңге), облыстық орташа жалақыдан төмен 25 мың 917 (обылыстық орташа жалақы 116 мың 524 теңге). Өткен жылдың деңгейіне орташа айлық еңбекақының өсімі 107,3% құрады. Еңбекақы төлеу бойынша аудандағы мекемелер мен кәсіпорындардың берешегі жоқ.

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық   

2017-2018 жылдың жылыту мерзіміне 91,2 мың тонна көмір қоры жасалған, оның ішінде: бюджеттік ұйымдар 7,2 мың тонна, халық 67 мың тонна, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар 17 мың тонна.

         Айлық 873,2 тонна көмір қоры бар, оның ішінде "Мерей" МКК 287,2 тонна, "Құсмұрын ЖЭК" МКК -586 тонна.

Жолдар

Аудандық бюджеттен 2018 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін ұстауға және орташа жөндеуге 87,6 млн. теңге, оның ішінде:

32,5 млн. тенге аудандық маңызы бар жолдарға, олардың: 8,7 млн. тенге қыста ұстауға, игерілді 2,1 млн. тенге, 15 млн. тенге жазда ұстауға, үнемдеу 8,8 млн. теңге құрайды, 3000м2 шұңқырларды жөндеу жоспарланған, 2048 км/жол жиектерінің ойықтарын, 512 км/пр топырақты жолдарды тегістеу, 300 м3 жабайы өсетін өсімдіктерді жұлу және);

16,5 млн. теңге елді мекендеріндегі көшелерге: Әулиекөл ауылы (10,5 млн. теңге, 2,3 млн теңге қысқы, 8,2 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Аманқарағай ауылы(3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға), Құсмұрын кенті (3,0 млн. теңге, 1,5 млн теңге қысқы, 1,5 млн. теңге жазғы жолдарды ұстауға). Жазғы ұстау аясында ауыл көшелерінде 1500 м2 шұңқырлы жөндеу, 300 км/пр жолдарды және жол жиектеріне;

Әулиекөл ауылындағы үш кентішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 126,4 млн. теңге сомасында трансферттер қарастырылған (Сұлтан Еркімбаев атындағы көше -58,7 млн. теңге, С.Баймағамбетов атындағы көше -38,5 млн. теңге, Карабалуан Батыр көшесі -28,6 млн. теңге). Конкурстық рәсімдердің жеңімпазы «ВАН» ЖШС. Қаржыларды үнемдеу өткізілген мемлекеттік сатып алудан 5470 мың теңге құрайды.

Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Әулиекөл ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бюджеттен 42 млн. теңге (Қостанай көшесі -19,5 млн. теңге, Е. Асанбаев атындағы көше – 19,1 млн. теңге).

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2018 жылы жөніндегі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жалпы сомасы 584,3 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын орындау жоспарланған, оның ішінде:

41,5 млн. теңгеге "Аманқарағай ауылындағы кіреберістегі 0-3 шақырым (ұзындығы 1,6 шақырым) автожолын орташа жөндеу", жұмыстарды мемлекеттік сатып алу әдісімен жүргізілген ашық конкурстың жеңімпазы - "ВАН"ЖШС. Үнемдеу сомасы 10,6 мың теңге.

120 млн. теңгеге "аудандық маңызы бар KP-AU-11 "Көктал ауылына кіреберіс автомобиль жолын ағымдағы жөндеу", (0-34 шақырым)" жұмыстарды мемлекеттік сатып алу ашық конкурс тәсілімен жүргізіледі. Үнемдеу сомасы 800,5 мың теңге

422,8 млн. теңгеге" Аудандық маңызы бар KP-AU-4 " Құсмұрын бекетіне кіреберіс автомобиль жолының орташа жөндеу, (0-15 шақырым)" жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018 - 2019 жылдар, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу ашық конкурс тәсілімен жүргізіледі.

"Әулиекөл - Диевка - Қосағал - Ақжол" облыстық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 2018 жылы облыстық бюджеттен жалпы сомасы 500 млн. теңге бөлінді. Мердігер «ВАН» ЖШС.


хат жіберу