Блог статистикасы
195
Жазбалар
4742
Өтініштер
183699
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ақпарат

Қазақстанда « Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан жүзеге асырылуда,оның басты мақсаты ауылды жерлерде кадр тапшалағын шешу. Осы мемлекеттік жоба аясында мамандарға тек қана жұмыс орнымен қамтылып қоймай, сонымен қатар 70еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы және 1500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады, биылғы жылы бұл көрсеткіш мөлшері 158 мың 830теңге және 3 млн 403 мың 500 теңгені құрайды.

Біздің ауданда « Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырыла басталған 2009-2016 жылдар мерзімінде көтерме жәрдемақымен 228 маман, оның ішінде білім саласында – 162 маман, денсалық сақтау саласында – 52,ветеринария -10, спорт-3 және мәдениет саласында 1маман қамтылды.Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шараларына 129 маман, оның ішінде оның ішінде білім саласында – 94 маман, денсалық сақтау саласында – 23,спорт-3 және ветеринария -10 маман қамтылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы бюджеттік несиемен 31 маман қамтылды, жалпы сомасы 100862,2 мың теңге , осы жылдың 1 қарашасына бюджеттік несие 100 пайыз игерілді. Аудан бюджеті есебінен 2017 жылы көтерме жәрдемақымен 30 маман қамтылды,жалпы сомасы 4,764 мың теңге.

хат жіберу