Блог статистикасы
195
Жазбалар
4798
Өтініштер
186756
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Оспанов Шота Сабитбекович
Аким Джангельдинского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8 (71439) 21-11-01 Адрес: Костанайская область, Джангельдинский район, село Торгай, улица Ы.Алтынсарина 4 E-mail: jangeldy@kostanay.gov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Оспанов Шота Сабитбекович
Аким Джангельдинского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8 (71439) 21-11-01 Адрес: Костанайская область, Джангельдинский район, село Торгай, улица Ы.Алтынсарина 4 E-mail: jangeldy@kostanay.gov.kz

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс индустриясы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентті және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің ұйымдастыру-құқықтық үлгісінде заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөр таңбасы, құрылған үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес қазынашылық органда шоты бар.

4. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Бөлім мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағынан түсуге құқылы, егер де ол заңдылыққа сәйкес уәкілетті  болса.

6. Бөлім өз құзырындағы мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіппен бөлімнің басқарушысы бұйрықтарын рәсімдейді және басқа да актілерге шешімдер қабылдайды.

7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Бөлімнің заңды мекен жайы: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл селосы, 1 Май көшесі,44.

9. Бөлімнің мемлекеттік тілде толық атауы: «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Бөлімнің орыс тілінде толық атауы: государственное учреждение «Отдел архитектуры и градостроительства акимата Аулиекольского района».

10. Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаулысы және осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімді қаржыландыру қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Бөлімге міндетті орындау мәнінен кәсіпкерлік субьектісіне қатысты шарттарға отыруға тыйым салынады.

13. Бөлімнің құрылтайшысы Әулиекөл ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің жедел басқаруында тұрған мүлік құрылтайшының жеке меншігі болып табылады.

Осы Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшы енгізеді.

2. Бөлімнің миссиясы, функциялары, құқығы және негізгі міндеттері

14. Бөлімнің миссиясы: адамдардың тұрмысына қолайлы ортаны қалыптастыру, елді мекендер мен аумақтарды орнықты дамыту.

15. Міңдеттер:

1) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс және құрылыс индустриясы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) ауданның мемлекеттік құрылыс және тұрғын үй саясатын, инфрақұрылымы мен қала құрылысын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

16. Функциялары:

1) өзіне бағынышты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы нормаларын, мемлекеттік нормативтерді және заң тәртібімен белгіленген сәулет, қала құрылысы және құрылыс пен ауданның елді мекендерінің аумағының сәулет және қала құрылысын иегерудегі басқалай жобалық құжаттамаларды сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

3) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыруға, қала құрылысы тәртібін және Әулиекөл ауданының аумағының құрылысынының ережелерін сақтауды қадағалауды жүзеге асыру;

4) нысандарды және кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаты үшін жер телімін беру және оларды мемлекеттік қажеттілігі үшін Қазақстан Республикасының Заң актілеріндегі көзделген жағдайда алып қою жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар әзірлеу;

5) жобаларды мемлекеттік сараптаудың аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет – құрылыстық инспекциясымен, лицензиялау органымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша өз ара іс – қимыл жасау;

6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын тиісті деңгейде жүргізу;

7) нысандарды, құрылысты, қайта жаңарту, түбегейлі жөндеуді жобалауға сәулеттік – жоспарлық тапсырма беру;

8) қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен нысандардың құрылысына, қайта жоспарлауға және қайтадан жаңартуға санитарлық – эпидемиологиялық қызметтен, экологиялық қызметтен, өрттік қадағалаудан өтуге рұқсаттық рәсімдер мен жоба – сметалық құжаттамалық келісімді талап ету;

9) ауданның ауылдық аумақтарының даму бағдарламасын, құрылысқа жобаларды, жоба – сметалық құжаттамаларды әзірлеуге, әлеуметтік - өндірістік бағыттағы нысандарды қайта жаңарту мен түбегейлі жөндеуді іске асыруға қатысады;

10) ауданның ауылдық аумақтарына құрылыс салудың бас жоспарын сақтау;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңмен бегіленген тәртіпте сотта Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне Бөлімнің құзырына енетін мәселелер бойынша түсініктеме беру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған берілген басқалай құқықтарды жүзеге асыру.

3. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

18. Бөлімге бастық басшылық жасайды, ол Бөлімге жүктелген өз міндеттері мен өз қызметін орындау үшін жеке жауап беруді жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бастығы Әулиекөл ауданы әкімімен лауазымына тағайындалып және осы лауазымынан босатылады.

20. Бөлім бастығының уәкілеттілігі:

1) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттігі мен міндеттерін анықтайды;

2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіппен қызметке тағайындайды және босатады;

3) міндетті бұйрықтар шығарады және сілтемелер береді;

4) заңмен белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

5) Бөлім атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;

6) қолданыстағы заңдарға сәйкес Бөлім атынан атқарушы органдар мен ұйымдарға барлық қарым-қатынаста өкілдік етеді;

7) міндеттемелері мен төлемақылар бойынша Бөлімнің қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы қоры мен қызметшілердің саны шегінде құрылымын бекітеді;

8) жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар өткізеді және осы үшін жеке жауапкершілікте болады;

9) өз құзіреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқалай уәкілеттіктерді жүзеге асырады;

Бөлімнің бастығының орнында болмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.

21. Бастық өз қарамағындылардың уәкілеттілігін қолданыстағы заңына сәйкес белгілейді.

4. Бөлімнің мүлкі 

22. Бөлімге заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі меншік иесі (құрылтайшы) берген мүлік есебінен және негізгі қаражаттан, сондай-ақ Бөлімнің балансында құны көрсетілген басқалай қаражаттан құрылады.

23. Бөлім атына бекітілген мүлік мемлекеттік коммуналдық аудандық меншікке жатады.

24. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті, қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражатқа алынған мүлікті егер өзгесі заңнамада қарастырылмаған болса, өз еркімен иесіздендіруге немесе басқалай жұмсауға құқы жоқ.

5. Бөлімнің жұмыс уақыты 

25. Бөлімнің жұмыс уақыты ішкі еңбек тәртібінің ережесімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңының нормасына қарама-қайшы келмеуі керек.

6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату 

26. Бөлімді қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

хат жіберу