Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ХАЛҚЫМ, МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ»

Аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған сайыс сабағы медициналық қызметкерлер арасында ағымдағы жылдың 30 қарашада өтті.

Сайыс-сабағының мақсаты-тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тұлғасы туралы тыңдаушылардың білімін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Сайыстың алдында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Нұрлыбек Игиликов барша отырғандарды 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күнімен құттықтап, еліміздің саясаты мен еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі туралы айтып өтті.

Сайысқа орталықтың медициналық тыңдаушылары қатысты.

Іс – шара барысында қатысушылар сұрақ-жауап, аударма, «Астана», «Қазақстан» тақырыбына сурет салып және Әнұран айту тапсырмаларын аса қызушылықпен орындап, өздерінің білімдерін көрсете білді.

Сайыс қорытындысында аталған шараға белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.


хат жіберу