Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шаралар

Қазақстандық шынайы болмысқа Тұңғыш Президент Күні санаулы түрде енді. Шын мәнінде бұл барлық халық күні. Өйткені Н.Ә.Назарбаевтың есімі Қазақстан халқымен біртұтас. Тұңғыш Президент Күні - жаңа қазақстан тарихының соңғы екі он жылдығының таңдаулы беттерін еске түсіруге тамаша себеп болды.

Тұңғыш Президент Күнінде Қосағал ауылдық кітапханасында «Путь лидера » фильмі көрсетілді. Негізгі мақсат оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру,туған жер тарихына танылымдылық қызығушылықтарын дамыту, отанға деген махаббат,отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Балалардың назарына «Путь лидера » фильмі ұсынылды.

Новоселов ауылдық кітапханасында «Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің» тағылым сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтың – Адам, Отаға, Азамат,Президент ретінде негізгі жеке қадір-қасиеттерін ашу, Қазақстанның алғашқы Президентінің рөлін нақты мысал ретінде көрсету,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Іс-шара мемлекетіміздің Әнұранын орындаудан басталды. Оқушылар «Президенттің тарихи портреті» әр бөлімін жеке қасиеттерін сипаттайтын мінездемемен толықтырып, белсене ат салысып отырды.Оқушылар өз пікірілерінде Президент - мәртебелі, аса өнегелі,көреген адам және т.б. жеке қасиеттерімен ерекшеленетіндігін мысалға келтірді.Балалар Президенттің тарихи портретін құрастырды.

Соснов ауылдық кітапханасында «Путь лидера» көрнекі-кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық қызмет спектрін бейнелейтін кітаптар, мерзімдік басылымдар, фотоқұжаттар, альбомдар, электрондық басылымдар ұсынылды. Кітапханашы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяндық мәліметтерімен қысқаша таныстырып өтті.

Москалев кітапханасы «Портрет лидера на фоне эпохи» әдеби-сазды композициясын өткізді. Іс-шара ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Жүргізушілер Н.Ә.Назарбаевтың балалық және жастық шақтары туралы айтты. Қазақстандық ақындар М.Жұмабаевтың, М.Мақатаевтың, А.Суслованың, Е.Оспановтың Қазақстанға және Президентке арналған өлеңдері оқылды. Авторы Н.Назарбаев кітаптарынан үзінділер оқылды.

Қазақстандық композиторлардың әндері мен әуендері шырқалды. Соңында «Весна на заречной улице» Президенттің сүйікті әні орындалды. Ұсынылған кітап көрмесі Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің еңбек жолымен таныстырды.Қонақтардың назары ашық, бояулы, суретті кітаптарға түсті. Н.Назарбаевтың үлгерім табелі балалардың табысына ие болды.


хат жіберу