Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186582
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi, бұл мемлекеттік мереке Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет құрудағы ерен еңбегiнiң, орасан абыройының лайықты нәтижесi.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді. Ол жарқын бастамалардың жаршысы, алдағы өмірді айқындай білетін бағдарлаушы іспеттес. Дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы тыныштық пен бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосқан саясаткер.
30 қарашада Әулиекөл аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу өткізілді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Ж.Таукенов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің басшылары, ауданның құрметті азаматтары, БАҚ және ауыл тұрғындары қатысты. Осы күні облыс, аудан әкімінің құрмет грамоталарымен әр саланың үздік қызметкерлері марапатталды.
Көрермендерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Астана қаласы туралы бейнероликтер көрсетілді. Мәдениет үйінің фойесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесі және өнер мектебі оқушыларының суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мерекелік концерт ұсынды.


хат жіберу