Блог статистикасы
195
Жазбалар
4430
Өтініштер
175599
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әулиекөл ауданының тарихи анықтамасы

Әулиекөл (Семиозер) ауданы Қостанай облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, 1921 жылы құрылған. Аудан  солтүстігінде Қостанай,  Алтынсарин ауданымен шектеседі, солтүстік-шығысында Алтынсарин  ,  Қарасу ауданымен және оңтүстігінде -  Наурызым, батысында – Қамысты және Таран ауданымен шектеседі.

 1.04.1924 жылы Орынбор-Торғай губерниясының Қостанай уезінің болыстарынан құрылды . Қостанай губерниясының барлық болыстарын Қостанай уезіне беруге байланысты 1922 жылы 15 тамызда аудан таратылған (ҚазКСАР ОБК 1922 жылы 13 желтоқсанда бекіткен). Ауданның орталығы - Әулиекөл селосы. Ауданның аумағы солтүстіктен оңтүстікке – 112 км, батыстан шығысқа – 130 км. Шекарасының ұзындығы 560 км. Аумағы -11,1 мың шаршы км немесе Қостанай облысының жалпы аумағының 10,3 пайызы. 48 елді мекенде 55,3 мың адам мекендеді (1999). Қазіргі уақытта 42 елді мекенде 47719  адам мекендейді. Тығыздығы 1 шаршы км – 4,3 адам. Ауданның солтүстігі агроөнеркәсіптік болып табылады. Ауа райы күрт континентальды және өте құрғақ. Қысы ұзақ, аязды, күшті жел және боранды, жазы ыстық, құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 240-280 мм.  Ауаның жылдық орташа температурасы 1,22*С.Құрғақшылық – жиі болатын құбылыс.

Жер қойнауында көмір, темір, боксит, құрылыс және отқа төзімді материалдар бар. Қоңыр көмірдің төрт кен орны бар, ең ірісі – Құсмұрын (қоры 5 млрд.т) және Черниговка.

Көлемі бойынша бокситтің екі орташа кені – Құсмұрын және Приозерное.

15 құрылыс және отқа төзімді материалдар кен орны бар.

Жер бедері  аумағы жазық болып келеді, тек қиыр шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай жалпақ Торғай қолаты созылып жатыр, оның жоғары беті  шамамен 210-270 м біркелкі, шамалы иректеліп келеді. Тек қана Қазанбасы, Аманқарағай, орман орналасқан қоныстарды қолатты деп айтуға болады.

Ауданның топырағы екі түрлі:  қара топырақты құмдақ және тұзды қоғыр топырақты.  Оңтүстік шағын қарашілікті топырағына  астық дақылдары егіледі. Қара қоңыр топырақ жыртуға қолайлы және егістікке пайдаланылады.

  Ауданда көп түрлі шөптер: боз (Иоанна , Тырса), бетеге (беккер)өсетін,сибирский еркекшөбі, жусан, австрийская шренка, аралас шөптен : құмдық қазтабан ,  құмдық  зире, инелі  және жазықтық қалампыр, ұзын жапырақты құмтышқан, шиенді сүттіген, боз-сары қотырот. Астық тұқымдастардан шалғындық түрлері: сырғақ, атқонақ, шалғын, қылтанақсыз арпабас,  бидайық  қызыл изенді қара топырақ басым, қайың-көктерек және қарағай   шоқ ормандары. Өсімдіктің шалғындық түрі бар:  изеншөп. Орманда қарағай, аққайың және көктерек. Орманның жалпы көлемі 80,6 мың га. Мекендейтін құстар: бүркіт, бөдене, сауысқан, қарға, ақтұмсық қарға, бозторғай, кәдуілгі күйкентай. Көлдер мен өзендерде қаз, үйрек, шағала мен шалшықшы, ірі көлдерде аққу, сыуыр, тоқалтіс, көлдің шөпті жағалауында ондатр мен су егеуқұйрығы , орманды далада қасқыр, қоян, орманда- елік, бұлан, киік. Су қоймаларында : мөңке балық, тұқы балық, шортан. Бауырымен жорғалаушылар: кесіртке, далалық сұр жылан және т.б.

  Ауданның аумағында – Обаған, Ащы, Шилі өзендері ағып өтеді. Ауданда көлемі шағын көптеген көлдер бар. Ең үлкендері Торғай қолатында орналасқан – Құсмұрын, Қойбағар, Ноғайкөл, Ревуль, Шилі және басқалары.

Өнеркәсібін құрайтын кәсіпорындар: қоңыр көмір өндіретін- «ҚРК Приозерный разрезі», тепловоз жөндейтін-«Болашақ» ЖШС, вагон жөндейтін – «Қазтеміртранс» АҚ филиалы және басқалары. 

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты-егін егу-мал шаруашылығы. Егістік жердің жалпы көлемі 971 мың га, оның ішінде егістік-324,4 мың га, жайылым-628,5 мың га. Астық дақылдарының жалпы көлемі 216 мың га. Бес ауыл шаруашылығы құрылымы бар: «Москалевское « ЖШС,

“Диев”АГФЖШС ,  “Тимофеевка-Агро”ЖШС, «Сұлукөл» ШҚ, «Қойшибаев» ШҚ. 

Ауданда жалпы білім беретін күндізгі 37 мектеп бар, оның 16 –мемлекеттік тілде, 6-орыс тілінде , 15-аралас мектеп. Мектепке дейінгі 6 мекеме, 1 кәсіби лицей бар. Аудандық орталық аурухана, 1 поселкелік аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункт, 29 кітапхана, 6 клуб мекемесі, 3 халықтық ұжым, өнер мектебі, БЖСМ жұмыс істейді.

 Ауданның көлік желісі: жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының ұзындығы607 км, оның ішінде қатты жабынды437 км. Асфальтты автомобиль жолы  Қостанай-Әулиекөл-Арқалық. Көлік-экономикалық байланыс Аманқарағай стансасынан Қостанай-Астана темір жолы арқылы жүзеге асырылады.

 Ауданның орталығы - Әулиекөл (Семиозер) селосы, 1879 жылы негізі құрылған.  Селода 11500 адам тұрады (2010ж.). Аудан  облыс орталығынан100 кмжерде орналасқан. Аудан орталығынан ең алыс орталық елді мекен-105 км, ең алыс нүкте-138 км. Үш орта мектеп, екі мектепке дейінгі мекеме , мәдениет үйі, аурухана, өнер мектебі, БЖСМ бар.

Әулиекөл- Әулиекөл ауданындағы көл. Халық арасындағы аңызға сәйкес :

«Бір күні тал түсте көл жоқ болып кетеді және кенеттен солайша сол түнде пайда болады. Осы құбылысқа таң қалған жергілікті тұрғындар көлді «Әулиекөл» деп атайды. Осы атаудың бірінші сөзі - әулие-араб тілінде «ккиелі, құдіретті» дегенді білдіреді.  Осы атауы көлдің жағасында өсетін дәрілік өсімдіктерге байланысты берілуі де мүмкін.

Ірі қара малдың әулиекөлдік тұқымы Қазақстанның солтүстігінде, Қостанай облысының «Москалевский» асыл тұқым зауытында алынған. Ақ басты қазақы тұқымдасын Абердин-ангусский және шаролезский тұқымдас бұқамен шағылыстырудан алынған. Жаңа арнайы тұқым өсімтал, етінің сапасы, жергілікті жағдайға бейімділігімен сипатталады. Малдың түсі 70 пайыз ашық сұр, тұқыл бас. Малдың бітімі берік, азық тапшылығын және сапасының төмендеуін көтере алады. Қыста  терісін қалың жүн басады және табиғи-климаттық жағдайға жақсы бейімделген. Аудан бойынша ІҚМ –дың әулиекөлдік тұқымы 5864 басты құрайды.

хат жіберу