Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186608
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім жобасы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы"  мемлекеттік мекемесінің басшысының  2016 жылғы 25 тамыздағы № 310  ұсынысы негізінде Тимофеев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
            1. Қостанай облысы  Әулиекөл ауданы  Тимофеев ауылы  аумағында ірі қара  малдың  бруцеллез  ауруының  пайда  болуына  байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң  Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әулиекөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Тимофеев ауылының әкімі

А. Нсанбаев


      

 

    "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
       ______________________ Д.С.Тлеубаев
      2016 жылғы "__" тамыз

      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің міндетің атқарушы
      ___________________ Ж.А.Жумагулов
      2016 жылғы "__" тамыз
      

     "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитетінің Қостанай облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаментінің Әулиекөл аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
            ______________________ Е.Г. Дуйсенов
      2016 жылғы "__" тамыз

хат жіберу