Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
182948
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2017 жылғы Әулиекөл ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

2017 жылға арналған Әулиекөл ауданының жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2017 жылға арналған Әулиекөл ауданында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулыға 1- қосымшға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                Ж.Тәукенов

хат жіберу