Блог статистикасы
195
Жазбалар
4864
Өтініштер
189929
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, Әулиекөл селосының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жоғары қысымды газ құбырына қызмет көрсету үшін (1-кезек) Әулиекөл ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне жалпы алаңы 1,1477 гектар қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Әулиекөл селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Д. Тілемісов

хат жіберу