Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186609
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 - бабының 5-1) тармақшасының, 69 бабының «ҚазақстанРеспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының               1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық жер телімін беру жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 16 хаттамасының және жерге орналастыру жобасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «ҚазТрансГаз Аймақ» Акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалы, Әулиекөл ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, электр тарту желісінпайдалану үшін - жалпы алаңы 0,0140 гектар жер учаскесіне 48 жыл мерзімге дейін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

         3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Әулиекөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «ҚазТрансГаз Аймақ» Акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалымен мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне сервитут шарты жасалсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әулиекөл ауданы әкімі                                                  Е. Теменов

 


хат жіберу