Блог статистикасы
195
Жазбалар
4736
Өтініштер
183418
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140- бабының 2 - тармағына сәйкес Әулиекөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативті осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

          2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

        1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуін;

          2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

           3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет -ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

        3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

         4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   

Аудан әкімі                                               Ж. Таукенов


Әулиекөл ауданы әкімдігінің

                                                                     2018 жылғы «___»____________

                                                                     №_____ қаулысына

қосымша

 

                                                                

                

 

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

 

        1.Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

 

Таза кіріс  3 000 000 теңгеге дейін

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз      

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден  250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 тенге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан               15 пайыз      


                                                          

Әулиекөл ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Р/с №

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің  тізбесі

Ескерту

1.

Қаулы жобасының атауы

Аудандық мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

2.

Әзірлеуші – мемлекеттік орган 

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Әулиекөл ауданының мемлекетік кәсіпорындарының  таза кірісінің  тәртібін анықтаумен нормативін бекіту және сәйкесінше таза кірістің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару. 

4.

Қандай заңнамалық актілерді, ҚР Президентінің актілерін, басқа да актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында жоба енгізіледі

 «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Бекіту:

Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

 

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар әкелмейді

7.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығыстар

Қаржылық шығындар болжамдалмайды

8.

Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері

Барлық қажетті бұрыштамалары бар

9.

Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалғаны туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Басқа актілерді жобаға сәйкес келтіруді қажет етпейді

11.

Басқа мәліметтер

Жоқ

 

 

 

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің      

қаржы бөлімі» ММ басшысы            Н. Яримова

 

хат жіберу