Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
182949
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.    Осы қаулының қосымшасына сәйкес Әулиекөл ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.

2.    Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелерін жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3.    Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 10 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Аудан әкімі                                                                                          Ж.Таукенов



Әкімдіктің

2017 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысына қосымша

 

 

Әулиекөл ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiкшаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

 

 

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

 

III дала аймағы

 

1

Жаздық дәнді дақылдар

15 мамырдан 5 маусымға дейін

 

6

Мақсары

10 мамырдан 25 мамырға дейін

 

7

Күнбағыс

         05 мамырдан 18 мамырға дейін

 

8

Зығыр

12 мамырдан 31 мамырға дейін

 

 

 

хат жіберу