Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182797
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары туралы» шешімінің жобасын аудандық мәслихаты сессиясында бекітуге енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінін 20-1 – бабының және  «Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189  қаулысына сәйкес,  Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары қосымшаға сәйкес әзірленсін.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары заңмен бекітілген тәртіпте Әулиекөл аудандық мәслихаты сессиясында бекітуге ұсынылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудан әкімі                                                                                     Ж. Тәукенов                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы«____»____________ №_____  «Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары туралы» шешімінің жобасын аудандық мәслихаты сессиясында бекітуге енгізу туралы» қаулысына

                                                       Келісілу парағы

 

Әкімдіктің мүшелері:

 

__________________Т. Ержанов

 

__________________Н. Аманқұлов

 

__________________Т. Печникова

 

__________________Ж. Шамшин

 

 

«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемісінің (ММ) заң бөлімінің басшысы

 

 

____________________Қ. Уразбаев

«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

 

__________________Ә. Мәтенова

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы

 

______________ Д.Б.Махмұтов

 

«____»_____________2016 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Әулиекөл аудандық мәслихаты шешімінің жобасына

түсіндірме жазба

 

п/п

Түсіндірме жазбадакөрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Әулиекөлауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшаларына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына  сәйкес

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Актіні қабылдау әлеуметтік-экономикалық салдарларды туғызбайды

4.

Жобаны іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жоқ

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің, мерзімді және болжанатын тиімділігі

Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер Министірдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

«Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемісінің

заң бөлімінің басшысы                                                                    Қ. Уразбаев

                                                                          

 

         2016  жылғы «____» ______________

Әулиекөл аудандық

мәслихатының

2016жылғы «__»___________

№ ____

шешімінің жобасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 

 

 

         Әулиекөл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                         Д. Қойшыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

2016  жылғы « ___ » _________ 

№ __________________

мәслихаттың шешіміне

қосымша

 

Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз
қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары

 

   1. Жалпы ережелер

         1. Осы Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен қоммуналдық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

         2. Қалдықтарды қоммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

         3. Қалдықтарды қоммуналдық меншікке беру үшін облыстың (қоммуналдық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органымен немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының өкілдері (бұдан әрі – ұйым) кіреді.

         Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қауіпті қалдықтарды қоммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.

         4. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды ведомстволық бағынысты ұйым жүзеге асырады.

         5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
      

         2. Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі

 

         1-параграф. Қалдықтарды есепке алу және бағалау

         6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйым дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:

         1) қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу;

         2) олардың қауіптілік деңгейін анықтау;

         3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 тіркелген) Қалдықтар сыныптауышының негізінде, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 тіркелген) нысан бойынша қауіпті қалдықтар паспортын жасай отырып, кодын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

         Сонымен қатар ұйым Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

         Ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін уәкілетті органға қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.

         7. Халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды ұйым қамтамасыз етеді.

         8. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.

 

         2-параграф. Қалдықтарды одан әрі пайдалану және сату тәртібі

         9. Қалдықтарды ұйым заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.

         10. Конкурсты дайындауды және өткізуді ұйым жүзеге асырады. Уәкілетті орган ұйымның, уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.

         11. Конкурстың шарттарын уәкілетті орган анықтайды.

         12. Ұйым еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.

         Құжаттар пакетін ұйым қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:

         1) қалдық туралы тарихи анықтама;

         2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;

         3) қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы ақпарат;

         4) қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат.

         13. Конкурс қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында және ашық тәсілмен өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

         Конкурсты өткізу мерзімін ұйым конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Хабарландырулар уәкілетті органның және ұйымның интернет-ресурсында бір мезгілде орналастырылады.

         14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:

         1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;

         2) өткізу уақыты мен орны;

         3) қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;

         4) конкурстың негізгі шарттары;

         5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;

         6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.

         15. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды ұйым мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқтайды.

         16. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.

         Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартады, бірақ қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.

         17. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

         18. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

         Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.

         19. Ұйым мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:

         1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;

         2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;

         3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген) нысан бойынша салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.

         20. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Ұйым конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.

         21. Конкурсқа жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды, оны ұйымға конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.

         22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:

         1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;

         2) жарғы көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

         3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;

         4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);

         5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);

         6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;

         7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияны қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі).

         23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.

         24. Конкурстық ұсыныстар әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.

         25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.

         26. Конкурстық ұсыныстарды конкурстық комиссия конвертті ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бағалайды.

         Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.

         27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.

         Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және ол конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.

         28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:

         1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияларды пайдалану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі);

         2) баға ұсынысы.

         29. Конкурстың нәтижелері сол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымдарында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның және ұйымның интернет-ресурсында шұғыл түрде орналастырылады.

         30. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

         31. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткізуді қайта белгілейді. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, ұйым конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және уәкілетті органға тиімді шарттар негізінде ұйым үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.

         32. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

         33. Конкурс жеңімпазымен шарттары уәкілетті органмен келісілетін Қауіпті қалдықтарды сату туралы келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасалады. Келісімшарт қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау және жалпы қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша, сондай-ақ конкурс жеңімпазының ұйым бекіткен үлгісімен орындаған жұмыстары туралы есеп беруі бойынша міндеттемелерді қарастырады.

         Есеп ұйымға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.

         Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда ұйым оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.

         34. Конкурс екі рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда ұйым осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарға ақысыз негізде конкурс жариялайды және өткізеді.

         35. Қалдықтарды сатудан тапқан ұйымның қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.

 

         3-параграф. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою

         36. Осы Қағиданың 31-тармағымен көзделген негіздеме бойынша қалдықтарды ақысыз негізде іске асыру бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде қалдықтар талап етілмеген деп саналады.

         Ұйым талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоммуналдық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.

         37. Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтардың объектілері орналасқан аумақтарды қалпына келтіру істері, олар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарыға сәйкес жүргізіледі.

         3. Қорытынды ережелер

         38. Қоммуналдық меншiкке түскен қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Сот шешімімен қоммуналдық   
меншікке түсті деп танылған иесіз
қауіпті қалдықтарды басқару   
қағидаларына 1-қосымша     

Нысан

 

Иесіз қауiптi қалдықтарды қоммуналдық меншiкке беру туралы акті

20__жылғы «___»________________               ______________________

(жасалған уақыты)                              (акт жасалған орын)

Комиссия құрамында

_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________

20____ жылғы «____» _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде

қоммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы:

Қалдық түрi

Саны
(тонна, м3, га ауданы)

Қалдықтың қауіптілік деңгейі және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)

Орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме











 

иесiз қауiптi қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.

Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә., қолы):

Мөрдің орны

Сот шешімімен қоммуналдық   
меншікке түсті деп танылған иесіз
қауіпті қалдықтарды басқару   
қағидаларына 2-қосымша     

Нысан

 

   Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім

1)_________________________________________________________________
                      өтініш берушінің атауы

2)_________________________________________________________________

         өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының
                            мекенжайы

3)_________________________________________________________________

         мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке
                            тұлғалар үшін)

4)_________________________________________________________________
басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын

тұлғалар туралы мәлімет

         5) уәкілетті органмен анықталған конкурс шарттарын орындауға
бағытталған орындалуға тиісті құжатпен расталған өтініш берушінің
техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық
мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектiң, міндетті
зейнеткерлік жарналар бойынша берешектің, міндетті кәсіби
зейнеткерлік жарналар және әлеуметтік салымдар бойынша берешектің жоқ
(бар) екендiгi туралы мәліметтер, қаржылық мүмкіндігін растайтын
құжат) қоса беріледі.

 

 

________________________                                _______
(ұйымның атауы)             (қолы)                      (Т.А.Ә.)

­­­­­­­­­­­

хат жіберу